Адамзаттың алғашқы көшуі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Адамзаттың алғашқы көшуі – адам түріне жататындардың ең ежелгі топтары алғаш Африкадан аттанып шығып, құрлық аттап көшуі және әлемге кең таралуы болып, Антарктиданы айтпағанда, дүниенің барлық жеріне жаппай қоныс тебуді бастауын білдіреді. Бұл көштің жалпы нобайы мен кейбір ерекшеліктері түрлі артефакттерге – табылған Қазындыларға, мәдени мұраларға, қоныс орындарына, DNA, және тілдердің таралуына негізделіп айқындалуда.
Қолда бар деректерге сүйенсек, адамзаттың арғы тегі хайуанат әлемінен шамамен 7 млн жыл бұрын бөлініп шыққан болса, ал шамамен 2 миллион жыл бұрын адам тектестердің бір түрі Һомо Еректус (Homo erectus) Левант каридоры арқылы Африкадан аттанып, жер шарының түкпір-түкпіріне тарала бастаған екен.[1][2]
Шамамен 500 000 жыл бұрын Һомо Хейдельберг (Homo heidelbergensis) осы алғашқы көшке іесіп көшіпті. Олар әдетте Денисовандықтар (Denisovan) мен Һомо Неандерталдың (Neanderthal ) арғы ата-бабасы деп есептеледі. Алғашқы адамтектестер «құрылықтардың кейін су басқан көпірлерінен өткен» делінеді. (History Alive, pub. 2004, TCI)
Африканың өзінде Һомо Сапиенстер (Homo sapiens) өзінің қалыптасу кезеңінде, яғни шамамен 300 000 жыл бұрын бөлшектене бастайды.[3] [4] [5] Қазір кең таралған «Адамзаттың Африкадан басталу теориясы» парадигмасы бойынша, Һома Сапиенстердің ұрпағы делінетін анатомиялық мағынадағы Қазіргі адам Щығыс Африкадан шамамен 70 000-50 000 жылдар бұрын аттанып шығып, 50 000 жыл бұрын Азияның оңтүстік теңіз жағалауын бойлай Океанияға дейін барған. Сондай-ақ Қазіргі адам шамамен 40 мың жыл бұрын Еуропаға тарала бастайды.[6][7]
Алғашқы еуразиялық Һомо Сапиенстердің қазындылары Израильден, Грекиядан табылды, олардың уақыты шамамен 194 000-177 000 және 210 000 жылдар арасы. Бұл қазындылар алғашқы Һомо сапиенстердің сәтсіз талпынысын білдірсе керек, оларды бәрібір кейінірек жергілікті неандерталдар бағындырады.[8]
Көшкен Қазіргі адам көбінесе жергілікті түрлі Архаикалық адамдармен бірігіп кеткен болып, олардың Архаикалық адамдар арасындағы үлес салмағы он пайыздан төмен болыпты. Ежелгі адамдардың араласып, бірігіп кетуі Еуропа мен Азияда (неандерталдармен) және оңтүстік Азия мен Меланезияда (Денисовандармен), сондай-ақ батыс және Оңтүстік Африкада болған. Араласу салыстырмасы жеріне қарай әртүрлі, бірақ бәрінде бірдей Қазіргі адамның үлесі 10 пайыздан төмен болған: Еуразияда шамамен 1-4%, Меланезияда шамамен 4–6% ғана.[9][10]
Соңғы мұздық максимумынан кейін Солтсүтік Еуразия халқы Америка құрлығына 20 000 жыл бұрын қоныс аударады. Ал, солтүстік Еуразияның өз халқы 12 000 жыл бұрын, голоценнен кейін қоныстанады. Арктикалық Канада мен Гренландияға Палео-Эскимостар 4000 жыл бұрын жетіп барады. Полинезияға халық 2000 жыл бұрын Австралиялықтар кеңеюінің соңғы толқыны кезінде таралып қоныстанады.