Америка
құрлық / From Wikipedia, the free encyclopedia
Америка (ағылш. America, ис. América, порт. América, фр. Amérique, кеч. Amirika, айм. Amërika, нидер. Amerika) — Америка-батыс жарты шардағы екі құрлықтан тұратын дүние бөлігінің бірі. Атлант және Тынық мұхиттары аралығында орналасқан. Оның құрамына Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка құрлықтары, дүние жүзіндегі ең үлкен арал - Гренландия және тағыда басқа жағалауға жақын аралдар кіреді. Солтүстік Америка мен Оңтүстік Американың бір-бірінен бөлек және дүниенің басқа бөліктерінен алыс жатуы ғана емес ірілігі, табиғат жағдайында зор айырмашылық болуы оларды жеке, дербес құрлықтар деп санауға негіз болады. Олар бір-бірінен Панама мойнағы арқылы бөлінеді. Екі материк аралығындағы Теуантепек пен Панама мойнақтарының аралығы және Вест-Үндістан аралдары Орталық Америкаға жатады.
Америка | |
Территория | 42 549 000 км² |
Халық саны | 953.7 млн (шілде 2013)[1] адам |
Этнохороним | америкалықтар |
Енеді | 35 мемлекет |
Тәуелді аймақтар | 23 |
Тілдері | испанша, ағылшынша, португалша, французша, кечуаша, гаити креоль тілі, гуарани, aymara, астек тілдері, нидерландша және т.б. |
Уақыт белдеулері | UTC-10 — UTC |
Америка Ортаққорда |