Грекия
From Wikipedia, the free encyclopedia
Грекия немесе Юнанстан (гр. Ελλάδα [eˈlaða] тыңдау, ежелде — гр. Ελλάς [eˈlas] тыңдау), ресми — Грек Республикасы немесе Юнан Республикасы (гр. Ελληνική Δημοκρατία [eliniˈci ðimokraˈti.a]) — Еуропа оңтүстігінде, Балқан түбегінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Албаниямен, бұрынғы югославиялық Солтүстік Македониямен және Болгариямен, солтүстік-шығысында — Түркиямен шектеседі. Шығысы мен оңтүстігін Эгей теңізі, батысын — Ион теңізі шайып жатыр. Осы елді мекендейтін юнандар (гректер) атымен аталған.
Грек Республикасы гр. Ελληνική Δημοκρατία | |||||
| |||||
Ұран: «Ελευθερία ή Θάνατος(Транслитерация:) "Азаттық немесе Өлім"» | |||||
Әнұран: «Азаттық әнұраны (Ύμνος εις την Ελευθερία)» (тыңдау (ақп.)) | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 25 наурыз 1821 жыл Бірінші Грек Республикасы ретінде (Осман империясынан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілі | Грек тілі | ||||
Елорда | Афина | ||||
Ірі қалалары | Афина, Салоники, Патры, Лариса | ||||
Үкімет түрі | Парламенттік республика | ||||
Президенті Премьер-министрі Парламент спикері |
Катерина Сакелларопулу Кириакос Мицотакис Константинос Тасулас | ||||
Мемлекеттік діні | Православие | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 95-ші орын 131 957 км² 0,8669 | ||||
Жұрты • Сарап (2017) • Санақ (2011) • Тығыздығы |
10 768 477 адам (75-ші) 10 816 286[1] адам 82[2] адам/км² (125-інші) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
324 млрд.[3] $ (57-ші) 30,252[3] $ (47-ші) | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
214 млрд.[3] $ (52-ші) 19,974[3] $ (38-ші) | ||||
АДИ (2017) | Үлгі:Өте жоғары 0,870[4] (өте жоғары) (31-ші) | ||||
Этнохороним | Гректер, грек | ||||
Валютасы | Еуро (€) | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .gr, .eu | ||||
ISO коды | GR | ||||
ХОК коды | GRE | ||||
Телефон коды | +30 | ||||
Уақыт белдеулері | +2 (+3 жазда) |
Грекия, Грек Республикасы — Еуропаның оңтүстік-шығысында, Балқан түбегінің оңтүстігі мен соған шектесіп жатқан Ион, Жерорта және Эгей теңіздеріндегі ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Жер аумағы — 132,0 мың км². Халқы — 10,3 млн. Астанасы — Афина қаласы (3,5 млн.). Тұрғындарының 95%-дан астамы гректер, қалғандары: түрік, албан, т.б. Ресми тілі — грек тілі. Халқының көпшілігі христиан дінінің православие тармағын ұстанады. Ел аумағы әкімшілік-аумақтық жағынан 51 номға бөлінеді. Үлкен қалалары: Салоники, Патрай, Ираклион, Волос. Ақша бірлігі — драхма. Мемлекет басшысы — президент. Заң шығарушы органы — бір палаталы парламент. 1975 ж. 11 маусымда қабылданған ел конституциясы бойынша, Грекия президент басқаратын парламенттік республика болып табылады (президентті парламент сайлайды). Ұлттық мерекесі — Тәуелсіздік күні (1821, 25 наурыз). Грекия жерінің басым бөлігі таулы-қыратты. Климаты жерортатеңіздік субэкваторлық. Қыс айларындағы орташа температура 4 — 11ӘС, ал жаз айларында 24 — 28ӘС. Өзендері шағын, суы аз. Жерінің 15%-ын орман алып жатыр. Жауын-шашын мөлшері 350 — 1500 мм аралығында.
Алғашқы грек мемлекеттері біздің заманымыздан бұрынғы 3-мыңжылдықта пайда болды. 395 жылдан ежелгі Грекия жері Византия империясына бағынды. 15 ғасырдан бастап Осман сұлтандығына қосылды. 1821 — 29 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысынан және 1828 — 29 жылдардағы орыс-түрік соғысынан кейін Грекия 1830 ж. тәуелсіздікке қол жеткізді. 1-дүниежүзілік соғыс кезінде Антанта жағында болды. 1941 ж. елді Германия мен Италия әскерлері басып алды. 2-дүниежүзілік соғыс аяқталысымен елде азамат соғысы басталды (1946 — 49). Ол аяқталған соң, 1952 ж. Грекия НАТО-ға мүше болды. 1967 ж. үкімет билігі әскери хунтаның қолына көшті. 1974 ж. болған жалпыхалықтық ереуілден кейін, әскерилер биліктен кетіп, демократиялық институттар қалпына келтірілді, жаңа конституция қабылданды. 1992 ж. қараша айында Грекия Еуропалық одаққа толық мүше болып қабылданды. Грекия — орташа дамыған индустриальды-аграрлы мемлекет. Жан басына шаққанда жылдық орташа табыс мөлшері — 7100 доллар Ұсақ жекеменшік кәсіпорындар да көп. Экономикасының жетекші салалары: тамақ, химия, тау-кен, металлургия өнеркәсіптері және цемент шығару. Кейінгі жылдары электроника мен кейбір машина түрін жасау тез дамып келеді. Ауыл шаруашылығында, негізінен, жүзім, жеміс-жидек, зығыр, дәнді дақылдар өсіріледі. Бұған қоса сауда флоты мен туризм жақсы дамыған. Грекия — сауда флоты жағынан дүние жүзіндегі жетекші елдердің бірі. Елге жыл сайын 10 млн-нан аса туристер келіп, қазынаға 4 млрд. доллардан аса кіріс кіргізеді. Негізгі сауда серіктестері: Германия, Италия, АҚШ, Франция, Сауд Арабиясы. 1992 ж. 1 қазанда Қазақстанмен дипломатиялық қатынастар орнатты.
Астанасы — Афина қаласы.
Батыс өркениеті бесігі болап танылған, тарихтағы алғашқы демократиялық мемлекет. 1981 жылдан бастап – ЕО, 1952-ден бастап — НАТО мүшесі.