Серен Кьеркегор
From Wikipedia, the free encyclopedia
Сёрен Кьеркегор (ағылш. Søren Aabye Kierkegaard,1813-1855) - Дания философы және теологы, ақын, әлеуметтік сыншыл, ол экзистенциализм философиясының негізін салушы ойшыл ретінде құрметтеледі. Ол шығармаларында адам өмірінің үш сатысын анықтайды; адамды рационалды (ақылды) тануға сын айтып, үрей, жалғыздық, еркіндік, таңдау, сенім секілділердің адам өміріндегі маңызына айырықша назар аударады; діни құрылымды, әлеуметтік сенім ретіндегі дінді сынап, христиандыққа қайта анықтама береді, мораль мен этиканың астарына үңіледі, діни психология және діни философиялық мәселелерге назар аударады, метафора, ирония және астарлы әңгімелер арқылы өз идеяларына әдеби рең береді.[1]
Сёрен Кьеркегор | |
ағылш. Søren Aabye Kierkegaard | |
Кьеркегор | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | |
Шығармашылығы | |
Мектеп/дәстүр | |
Бағыты |
Батыс философиясы |
Кезең | |
Негізгі қызығушылығы |
Этика, Эстетика, Эпистемология, поэзия, метафизика, дін, психология |
Негізгі пікірі |
болмыс, абсурд, үрей, қалшыл, жалғыздық, таңдау, сенім, түңілу |
Ықпал еткендер |
Аристотель, Аврелий Августин, Иммануил Кант, Готтһольд Ефраим Лессинг, Мартин Лютер, Шеллинг, Сократ, Артур Шопенгауэр |
Ықпалды жалғастырушылар |
Теодор Адорно, Карл Барт, Симона де Бовуар, Ингмар Бергман, Мартин Бубер, Жак Деррида, Мартин Хайдеггер, Генрик Ибсен, Карл Ясперс, Эммануэль Левинас, Габриэль Марсель, Жан-Поль Сартр, Карл Шмитт, Пауль Тиллих, Жан Валь, Людвиг Витгенштейн, Франц Кафка, Альберт Камю, Зигмунд Фрейд |
Қолтаңбасы |
Кьеркегордың көптеген философиялық еңбектері адамның қалай "жеке тұлға" (single individual) ретінде өмір сүруі мәселесіне қаратылды. Ол нақты адамның нақты шындығына абстракт ой жүгіртуге назар аударады және жеке адамның таңдауы мен міндетіне айырықша сәп салады. Ол өз дәуірінің идеалист оқымыстылары мен философтарын әдеби тілмен аяусыз сынады. Сведенборг[2], Гегель[3], Гете[4], Фихте, Шеллинг, Шлегель және Ханс Кристиан Андерсен қатарлылар бұл "ізденушіге" әлдеқашан "түсінікті" болды.[5]
Кьеркегордың теологиялық жұмысы христиандық этикаға бағытталған болып, шіркеулік сенім мен жеке адамның өз алдына жеке сенімі ортасындағы айырмашылықты анықтап, алдыңғысына аяусыз сын айтып, кейінгісін жалғыздықтан құтылудың жалғыз негізі етіп көрсетеді. Адам мен Тәңірі ортасындағы шексіз мәндік айырмашылыққа анықтама береді, Тәңіріге бейне Ибраһим, не Иса секілді жеке-оқшау берілген сенімді дәріптейді[6], христиан шіркеулеріне, әсіресе Дания шіркеуіне ауыр сын айтады.[7][8][9]
Оның психологиялық еңбегі маңызды таңдау жасау сәтіне бетпе-бет келушінің сезімі мен түйсігінің өзіне тән сипатын суреттеуге арналады.
Кьеркегордың алғашқы шығармалары сол кездегі маңызды дүниетанымдық ұстанымдар арасындағы кешенді пікірлесу ретінде түрлі бүркеншік атпен жазылады.[10] Ол күрделі мәселелерді алуан қырынан зерделеп, әр қырын зерттеуді әртүрлі бүркеншік атпен ұсынады. Ол негіздік баяндау (Upbuilding Discourses) шығармаларына өз атын берген және оларды оның жұмысының мағынасына бойлаған жеке тұлғаға( single individual) арнадым деп есептеген. Әсіресе, ол былай деген болатын:
ғылым мен пән объектке айналдыру жолын үйретуге тырысады. Ал, дін (христиандық) болса бізді субъективизмге және субъектке өзгеру жолын үйретеді[11][12]. |
Ғалымдар дүниені күзетуді үйреткенімен, бірақ Къеркегордың ойынша олар рухани дүниенің ішкі жұмысын көрсетіп бере алмайды.[13]
Кьеркегор идеясын игерудің кілті "субъективті ақиқат", "сенімнің жауынгер серісі" (the knight of faith), естелік пен қайталаудың дихотомиясы, абыржу (angst), Шексіз сапалық айырмашылық, Құмарлық ретіндегі сенім (faith as a passion), өмір жолының үш сатысы қатарлы ұымдарды түсінуде жатыр.
Кьеркегор шығармалары алғашында Дат тілінде және кейбір скандинавия халықтары тілінде жарияланады. ХХ ғасырдың басында оның еңбектері негізгі еуропалық тілдерге — француз және неміс тілдеріне аударылды. ХХ ғасырдың орта шенінде оның еңбектері батыс мәдениетіне[14], әсіресе философия[15] мен теолоигияға[16] күшті әсер ете бастады.
Ол сыртқы әлемге сілтеу мен таянудағы әрекетке қарсы (мұндай эстетикалық мінез бола алады), ол өз алдындағы ішкі, яғни эстетикалық жауапкершілікке сенбей, индивид өзінің жеке басын тәңірдің еркіне беруді ұсынады. Ол Кьеркегор үшін бұл өмір діни және пародоксальді. Осылай бола тұрып, ол христиан халқының дінін толық теріске шығарды. Оның ойынша экзистенциалды ойлау, яғни абсолюттікке сәйкес өмір сүру, азапты өлім төнетін болса да христиан ақиқатына шексіз сену.[17]