Франц Кафка
From Wikipedia, the free encyclopedia
Франц Кафка (нем. Franz Kafka[1], чех. František Kafka, 1883, 3-ші Шілде, Прага, Австро-Венгрия — 1924, 3-ші Маусым, Вена, Австрия) — XX ғ. — неміс тілді Богемиялық роман-әңгіме жазушы, ХХғ әдебиетінің аса ықпалды тұлғасы. Оның шығармалары реализм мен фантазия элементтерін біріктірген.[2] Оның оқшауланған кейіпкерлері әдетте оспадар, сюрреалистік тығырық пен түсініксіз әлеуметтік-бюрократиялық күштерге тап келеді. Олар әдетте жатсыну, экзистенциалды мазасыздық, кінәлілік және абсурдтық тақырыптарын іздеу деп түсіндіріледі.[3] Жазушы жұмысының көпшілігі қайтыс болғаннан кейін жарияланған болатын. Оның ең танымал шығармалары: «Метаморфоз» («Die Verwandlung»), "Процесс" ("Der Process") және Қамал (Das Schloss) қатарлылар. Батыстық терминологияда "Кафкаша" дегенді білдіретін "Kafkaesque" сөзі Кафка шығармаларында кездесетін жағдайларды сипаттау үшін қолданылады.[4]
Франц Кафка | |
Franz Kafka | |
1906 ж. Франц Кафка портреті | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері |
Прага, Богемия, Австро-Венгрия |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері |
Клостернойбург қаласы |
Азаматтығы |
Автро-Венгрия, кейін Чехословакия |
Ұлты |
Еврей |
Бағыты | |
Жанры |
роман, шағын проза |
Шығармалардың тілі |
Неміс тілі |
Қолтаңбасы |
Кафка Австрия-Венгрия империясының құрамына кіретін Богемия Корольдігінің астанасы Прагада (қазіргі Чехияның астанасы) неміс-еврей орта тап отбасында дүниеге келеді. Ол адвакаттыққа тәрбиеленеді және заңгерлік оқуын аяқтаған соң бір сақтандыру компаниясында жұмыс істейді, тек жұмыстан босаған кезде ғана жазушылықпен айналысуға мүмкіндігі болады. Ол өмірінде отбасына және жақын достарына жүз шақты хат жазады, арасында әкесіне жазған хаттары да бар, өйткені оның әкесімен байланысы ылғи да шиеленісті және формалды күйде болады. Ол бірнеше әйелмен сөз байласады, бірақ ақырғы есепте ешкіммен үйленбейді. Ол 1924 жылы 40 жасқа шыққанда туберкулезден қайтыс болады.
Кафканың бірнеше еңбегі ғана көзі тірісінде жарияланады, олар: Betrachtung (Толғаныс) және Ein Landarzt (Ауыл дәрігері) әңгімелер жинағы, ал әдеби журналдарда жеке әңгімелерінің кейібірі (мысалы, "Құбылу" - "Die Verwandlung") жарияланғанымен, бірақ көпшілік назарын өзіне онша аудармайды. Кафка өзінің өсиетінде, өсиет орындаушысы әрі досы Макс Бродқа өзінің аяқталмаған шығармаларын түгел жоюды тапсырады, олардың арасында әйгілі "Процесс" (Der Prozess), "Қамал" (Das Schloss), және "Жоғалушы" (Der Verschollene, "жоғалған адам", кейде "Америка" деп те аударылған) қатарлы маңызды романдары бар. Бірақ Брод бұл нұсқауларды елемейді.
Кафка шығармалары ХХ және ХХІ ғасырдағы көптеген жазушыларға, сыншылардың, өнер иелеріне және философтарға зор әсер етті.