Ханс Кристиан Андерсен
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ханс Кристиан Андерсен (дат. Hans Christian Andersen; 2 сәуір 1805 жыл – 4 тамыз 1875 жыл) — дат жазушысы және ақын. Әлемге әйгілі балалар және ересектерге арналған ертегілер авторы. “Импровизатор” (1835), “Тек скрипкашы” (1837), “Қос баронесса” (1-3, 1849) романдары, “Мулат” пьесасы, “Ақын базары” (1842) жолжазба очерктер кітабы, “Менің өмірімнің ертегісі” өмірбаяндық кітабы т.б. шығармалары әлем оқырмандарына жақсы таныс. Негізінен, әдеби ертегі, повестерімен даңқы шыққан. “Балаларға айтылған ертегілер” (1-3 кіт., 1835 – 37), “Жаңа ертегілер” (1845 – 48), “Оқиғалар” (1852 – 53) деген жинақтары жарық көрді. “Қайыспас қалайы солдат” (1838), “Шошқа бағушы” (1841), “Бұлбұл” (1843), “Сүйкімсіз балапан” (1843), “Қаршақыз” (1844), “Көлеңке” (1847), “Ана” (1848) т.б. танымал ертегі кітаптарында жазушы ар тазалығы мен жан жомарттығын, әділет, жақсылық сезімдерін ашып көрсеткен.
Ханс Кристиан Андерсен | |
дат. Hans Christian Andersen | |
Андерсен 1869 жылда. | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері |
Оденсе, Фюн аралы, Дания-Норвегия одағы |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері |
Остебро, Копенгаген, Дания |
Азаматтығы | |
Ұлты | |
Мансабы |
Жазушы, Ақын, Журналист, Драматург |
Шығармашылық жылдары |
1829 – 1875 жж. |
Бағыты |
Романтизм |
Жанры |
Роман, Пьеса, Новелла, Өлең, Балаларға арналған ертегі, |
Шығармалардың тілі | |
Қолтаңбасы | |
Ортаққордағы санаты: Ханс Кристиан Андерсен |
Андерсен ертегілері тек балаларға арналмаған. Әлеуметтік-психологиялық астар, ащы сарказм Андерсен ертегілерінің көпшілігіне тән (мысалы, “Патшаның жаңа киімі” ертегісі). Андерсен атында халықаралық әдеби сыйлық бар. Қазақ жазушысы М.Қабанбаев “Пысық болдым, мінеки” повесінде ұлттық мінездің ерекшелігін ашып көрсеткені Халықаралық Ханс Кристиан Андерсен атындағы Үлкен Грамотасын алған (1989). Андерсеннің “Ертегілер” (1948, 1951, 1960), “Перизат” (1968), “Сандық самолет” (1970), “Сүйкімсіз балапан” (1981), “Таңдамалы ертегілер” (1984) кітаптары қазақ тілінде жарық көрген.