Протерозой
From Wikipedia, the free encyclopedia
Протерозой (гр. πρότερος — алғашқы, аға, гр. ζωή — тірлік) — прекембрийді құрайтын үш бөлімшенің (1. хадей немесе приской , 2. архей, 3. протерозой) соңғысы (осыдан шамамен 2500—542 млн жыл бұрын).
More information Геохронология шәкілі, Эон ...
Геохронология шәкілі | |||
---|---|---|---|
Эон | Дәуір | Кезең | |
Ф а н е р о з о й |
Кайнозой | Төрттік | |
Неоген кезеңі | |||
Палеоген кезеңі | |||
Мезозой | Бор кезеңі | ||
Юра кезеңі | |||
Триас кезеңі | |||
Палеозой | Пермь кезеңі | ||
Карбон кезеңі | |||
Девон кезеңі | |||
Силур кезеңі | |||
Ордовик кезеңі | |||
Кембрий кезеңі | |||
Д о к е м б р и й |
П р о т е р о з о й |
Нео- протерозой |
Эдиакарий |
Криогений | |||
Тоний | |||
Мезо- протерозой |
Стений | ||
Эктазий | |||
Калимий | |||
Палео- протерозой |
Статерий | ||
Орозирий | |||
Риасий | |||
Сидерий | |||
А р х е й |
Неоархей | ||
Мезоархей | |||
Палеоархей | |||
Эоархей | |||
Катархей | |||
Қайнар |
Close
Протерозой эоны 2500—542 млн ж. бұрын | |
Протерозойды 3 геологиялық заман құрайды (ертелеуінен жаңалауына атап өткенде):
Ең елеулі оқиғалары бұлар:
- Мезопротерозойда оттегі сіңген атмосферасының құрылуы;
- Соңғы Неопротерозойдың Криоген кезеңінде бірнеше рет мұздықтар құрылуы;
- Эдиакарий кезеңі (635—542 Ma) жұмсақденелі көпжасушалы организмдердің өрбуімен сипатталады.
Жер тарихында археозой мен палеозой аралығындағы эра және сол заманда қалыптасқан қабаттар. Бұл терминді ғылымға америкикалық геолог Э.Эммонс енгізген ('1888). Протерозой бұдан 2000 (кейбір тұжырым бойынша 2500) – 570 млн. жыл бұрын, ұзақт. 1500 млн. жылға созылған эра. Қазақстан мен Орта Азия жеріндегі Протерозойды Р.Борукаев, Ю.Зайцев, В.Королев, т.б. зерттеген.
- Протерозойдың бірінші жартысы (2,2 млрд. жылға дейін) геократтық жағдайларда өткен. Қыртыстың салқындау процесі нәтижесінде қатаң және морттық қасиеттерге ие болған литосфера жарылып, суперконтинентте рифт ойпаңдары мен айырылымдар пайда болған.
- Бастапқы Протерозойдың екінші жартысында бұл процестер күшейіп, суперконтинент көлденеңі жүздеген және мыңдаған км болатын блоктарға (микротақталарға) жіктелген. Олар жұқарып (рифтинг) және толық айырылып (спрединг), ал айырылған блоктар арасын терең сулы алаптар басқан.
- Протерозойдың соңында шөгінді және жанартаулық тау жыныстарымен толған бұл алаптар, деформацияға, метаморфизмге, граниттенуге ұшырап, қайта жабылған. Бастапқы Протерозойда организм қалдықтары өте сирек. Қалдықтарының қалыңдықтары кей жерлерде жүздеген метр болатын көк-жасыл балдырлар түзіліп, олардың қарқынды фотосинтездеуші әрекетінен ауаның құрамы өзгере бастады. Ол таза оттекті көбейтіп, тіршілік әлемінің өркендеп дамуын тездетті. Даму бастапқы-ортаңғы рифейде қарқындады. Бактериялар, балдырлармен қатар қарапайым бір клеткалы организмдер – эукариоттар пайда болды. Темір, мыс, алтын, көптеген бейкентас шикізаттары шоғырларының пайда болуы Протерозоймен тығыз байланысты.[1]