Жер
Күн жүйесіндегі үшінші ғаламшар / From Wikipedia, the free encyclopedia
Жер — Күннен әрі қарай санағанда үшінші ғаламшар және тіршілігі табылған жалғыз астрономиялық нысан. Радиометриялық талдау мен басқа айғақтар бойынша, Жер 4,5 миллиардтан астам жыл бұрын қалыптасты. Оның гравитациялық өрісі ғарыштағы басқа нысандармен, әсіресе Күн мен табиғи серігі Аймен әрекеттеседі. Орбита бойымен 365,25 шақты күн ішінде Күнді бір рет айналып шығады.
Жер | ||||
Басқа атаулары |
жаһан, жиһан, дүние, дүниежүзі, әлем, жер-көк | |||
---|---|---|---|---|
Орбиталық сипаттамасы | ||||
Перигелий |
147 098 290 км | |||
Афелий |
152 098 232 км | |||
Үлкен жарты ось (a) |
149 598 261 км | |||
Айналудың сидерикалық кезеңі |
365,256366004 күн | |||
Орташа аномалиясы (Mo) |
357,51716° | |||
Иілуі (i) |
7,155° (күн экваторына қатысты) | |||
Жоғарғы көтерілуші түйіннің бойлығы (Ω) |
348,73936° | |||
Перицентрдің аргументі (ω) |
114,20783° | |||
Серіктері |
1 (Ай), 8300+ (жасандысерік)[2] | |||
Физикалық сипаттамасы | ||||
Полюстік сығылысуы |
0,0033528 | |||
Экваторлық радиусы |
6378,1 км | |||
Полюстік радиус |
6356,8 км | |||
Орташа радиус |
6371,0 км | |||
Үлкен дөңгелектің шеңбері |
40 075,017 км (экваторда) | |||
Жазықтық ауданы (S) |
510 072 000 км2 | |||
Көлем (V) |
10,8321×1011 км3 | |||
Массасы (m) |
10,8321×1011 км3 | |||
Орташа тығыздығы (ρ) |
5,5153 г/см3 | |||
Экватордағы еркін түсу үдеуі (g) |
9,780327 м/с2 (0,99732 g) | |||
Бірінші ғарыштық жылдамдық (v1) |
7,91 км/с | |||
Екінші ғарыштық жылдамдық (v2) |
11,186 км/с | |||
Айналудың экваторлық жылдамдығы |
1674,4 км/сағ (465,1 м/с) | |||
Айналу периоды (T) |
0,99726968 күн (23 сағ 56 мин 4,1 сек) | |||
Альбедо |
0,306 | |||
Температура | ||||
| ||||
Цельсий |
| |||
Кельвин |
| |||
Атмосфера | ||||
Атмосфералық қысым |
101,325 кПа (теңіз деңгейінде) | |||
78,08% азот (N2) 20,95% оттек (O2) ~1% су буы (климатқа қарай) 0,9340% аргон (Ar) 0,0413% көмірқышқыл газ (СO2) 0,00182% неон (Ne) 0,00052% гелий (He) 0,00019% метан (CH4) 0,00011% криптон (Kr) 0,00006% сутек (H) | ||||
Тағы көріңіз: Портал:Астрономия |
Жердің айналу осі өз орбиталық жазықтығына қатысты алғанда көлбегендігі жыл мезгілдерін тудырады. Гравитациялық өрісінің Аймен әрекеттесуі судың толысуы мен қайтуына себеп болып табылады. Және де ол әрекеттесу Жерді өз осіне тұрақтандырып, айналуын бірте-бірте баяулатады. Жер Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың ең тығызы және 4 Жер тәрізді ғаламшардың бірі болып саналады.
Сыртқы қабаты (литосферасы) Жер бетімен жылжып жүретін бірнеше қатты тектоникалық (литосфералық) тақтаға бөлінеді. Бетінің 29 шақты пайызы құрлықтар мен аралдардан тұрады, қалған ~71%-ын су (көбінесе мұхиттар, бірақ олармен бірге өзендер, көлдер және басқа тұщы су да) алады. Жердегі судың барлығы гидросфераны құрайды. Полюстік аймақтарының көбін мұз, соның ішінде Антарктикалық мұз қалқан мен Арктикадағы теңіз мұзы, қаптаған. Белсенді ішкі бөлігі қатты темір субъядро, Жердің магниттік өрісін тудыратын сұйық сыртқы ядро және тақта жылжытатын конвекциялы мантиядан тұрады.
Жер тарихының бірінші миллиард жылында, мұхитта қалыптасқан тіршілік Жер атмосферасы мен бетіне әсер еткендігінің нәтижесінде анаэробтық және соңыра аэробтық организмдер әр жаққа таралды. Кейбір геологиялық айғақтар бойынша, тіршілік 4,1 млрд жыл бұрын пайда болғаны ықтимал. Сол кезден бері Жер мен Күн арасындағы қашықтық, олардың физикалық қасиеттері, геологиялық тарихы және тағы неше түрлі фактор тіршілікке эволюциялау мен өркендеуге мүмкіндік берді. Жердегі тіршіліктің тарихында биоалуантүрлілік көптеген рет кеңею кезеңдері арқылы өтіп, кейде ағзалардың жаппай қырылғанынан төмендеген еді. Жерде әлдеқашан өмір сүрген түрлердің бәрі 99%-ынан астам бөлігі қазіргі кезде қырылған. Бүгінгі түрлер санын есептеулері әртүрлі; түрлердің көбі тіпті сипатталған да жоқ. Жерде өмір сүретін 8 миллиард шақты адам оның биосферасы мен табиғи қорларына тәуелді болып, ол арқасында өмір сүреді.