Юра кезеңі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Юра жүйесі немесе Юра кезеңі — мезозой заманын құрайтын үш кезеңнің бірі. Триас пен бор арасында орналасқан юра кезеңі осыдан 199,6 млн жылдан 145,5 млн жылға дейін созылады. Ең кең тараған тау жыныстары саз балшық, ізбесті құмдақ және әктас болып, юра кезеңі 11 ярусқа бөлінеді (геттанг, синемюр, плинсбах, тоар, аален, байос, бат, келловей, оксфорд, киммеридж, титон).
Юра кезеңі 199.6—145.5 млн ж. бұрын | |
[[Image:|240px]] | |
Кезең бойы атмосферадағы O2 орташа есесі | шам. 26 % көлемі[1] (заманауи деңгейден 130 %) |
Кезең бойы атмосферадағы CO2 орташа есесі | шам. 1950 ppm[2] (индустрияландыру алдындағы деңгейден 7 рет көп) |
Кезең бойы жер бетінің орташа қызымы | шам. 16.5°C [3] (заманауи деңгейден 3°C жоғары) |
Юра оқиғалары Осы үлгіні: көру · талқылау · өңдеу -200 — – -195 — – -190 — – -185 — – -180 — – -175 — – -170 — – -165 — – -160 — – -155 — – -150 — – -145 — – Jurassic Аттанжий Синемурий Плиенсбахий Тоарсий Аалений Байосий Батоний Калловий Оксфордий Киммериджий Титоний Юра кезеңі оқиғаларының шамаланған шәкілі. Тік білік: миллион жыл бұрын. |
Көптеген басқа омыртқасыздармен бірге брахиоподтар, қосқақпалылар және аммониттер кең тараған. Юра кезеңінде рептилиялар жер мен суда көп кездесіп, сүтқоректілер саны аз, көбінесе түңгі өмір сүрген деп есептеледі. Алғаш құстар, оның ішінде археоптерикс, кеш юра кезінде пайда болған. Юра – мезозой дәуірінің триастан кейінгі, бордан бұрынғы орта кезеңі және сол кездерде жаралған тау жыныстарының қат-қабаттары. Юра жүйесі осыдан 199,6 миллион жыл бұрын басталып, 145,5 миллион жыл бұрын аяқталған, ұзақтығы шамамен 54,1 миллион жыл. Оны неміс жаратылыстанушы А.Гумбольд Швейцария мен Францияның Юра тауларында анықтап (1822), француз геологы А.Броньяр жеке жүйеге бөліп, қазіргі атымен атаған (1829). Юра жүйесінің жікқабаттық шкаласын алғаш француз палеонтологы А.ДОрбинь жасады, ол юра жүйесін 10 жікқабатқа бөлген.