Көртышқан тәрізділер
From Wikipedia, the free encyclopedia
Көртышқан тәрізділер – жәндікқоректілер отрядының бір тұқымдасы.
Жер қазғыш түрлерінің табаны сыртына қайрылған. Аяқтарының тұяқтары жалпақ, кылшықты түкпен көмкерілген, тырнақтары жалпақ, тегіс. Көздері кішкентай кейде тері астында калады. 19 түрі белгілі. Басым көпшілік түрлері Солтүстік Америка мен Еуразияда таралған. ТМД кеңістігінде 3 туыс К. таралған: жұпартышқан, (1 түр), могералар, (2 түр), көртышқан. Соңғысының 4 түрі бар: кәдімгі К., алтай К., кавказ К., оңтүстік К. Жер астында қазып өмір сүретін жануарлар; жер үстімен жартылай суда тіршілік ететін түрлері де бар. Жылына 3—9 тұқым береді. Қоректері, топырақ омыртқасыздары, негізінен жауын құрттары. Көртышқандардың жерді қазу әрекеттері, топырақтың ылғалданып желденуін жаксартады.[1]
Көртышқан тұқымдасының Қазақстанда 2 түрі: жұпартышқан және тек Алтайда кездесетін алтай көртышқаны бар. Оның дене тұрқы 23 см-дей, ал құйрығының ұзындығы 3 см. Жүні майда, үлпілдек, қоңырқай түсті. Жотасы қоңыр, бауыры күңгірт тартқан. Алдыңғы аяқтары қазуға бейім, қысқа, алақаны жалпақ және сыртқа қараған, күрек тәрізді тырнақтары ірі, жалпақ болады. Аналығы 1,5 – 3 айында көбеюге қатысып, 1,5 айдан кейін, 3 – 6-дан балалайды. Жер астында тіршілік етіп, көбіне шұбалшынмен, кейде жәндіктермен, олардың дернәсілдерімен қоректенеді. К. – терісі бағалы кәсіптік аң. Зиянды жәндіктерді жойып, пайда да келтіреді.