Жұпартышқан
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жұпартышқан (лат. Desmana moschata) – отрядына жататын, жартылай суда тіршілік ететін аң. Қазақстанда, негізінен, Жайық өзенінің алабында, оның шөбі қалың салаларында кездеседі. Қостанай облысының Тобыл, Тоғызақ, Обаған, Үй өзендерінде жерсіндірілген. Дене тұрқы 18 – 23 см, салмағы 320 – 480 г. Сүйірлене келген басы етті тұмсығымен жалғасады. Көзі өте кішкентай, құлақ қалқаны болмайды. Аяғы бес башайлы, башайларының арасы жүзу жарғағымен жалғасқан. Құйрығының ұзындығы 17 – 20 см, оның астыңғы жағында тері безі орналасқан. Осы безден хош иісті зат бөлінеді. Аңның Жұпартышқан аталуы да осыған байланысты. Жүні қалың, жылтыр, жұмсақ, қара қоңыр, бауыры ақшыл болады. Су жиегіндегі жарқабаққа қазған інінің аузы су астына ашылады. Оның тіршілігіне тереңд. 1,5 – 2 м, қыста түбіне дейін қатпайтын су қоймалары қолайлы және онда омыртқасыз жануарлар көп болады. Қысқы ұйқыға кетпейді. Қорек талғамайды. Қорегін іздеуге түнде шығады. Жәндіктермен, олардың дернәсілімен, құрттар және моллюскілермен қоректенеді, сондай-ақ судағы өсімдіктің тамыр, сабақтарын да жейді. Аналық Жұпартышқан жыныстық жағынан 10 – 11 айда жетіледі. Жылына 2 рет (көктем – жаз және күзде) көбейеді. Буаз аналығы 45 – 50 күнде 1 – 5 (көбінесе, 3 – 4) Жұпартышқан туады. Жұпартышқан – терісі бағалы аң, бірақ саны өте аз. Қазақстанда оны аулауға 1920 жылдан тыйым салынған. Жұпартышқан – өте сирек кездесетін, реликт жануар болғандықтан, қорғауға алынып, Халықар. табиғат қорғау одағының және Ұлттық “Қызыл кітапқа” енгізілген.
Жұпартышқан[1] | ||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||
Desmana moschata (Linnaeus, 1758) | ||||||||||||||||||
Ареал
|