Карст
From Wikipedia, the free encyclopedia
Карст, карстық құбылыстар[1] (нем. Karst)— суда еритін және су өткізгіш тау жыныстарынан — ізбестастардан, доломиттерден, гипстен, тау тұзынан құрылған жерлерге тән рельефтің өзгеше формалары мен гидрологиялық режимі. Осындай жерлерде ағын және жер асты суларының тау жыныстарын ерітуінің салдарынан жер бетінде орлар, шұңқырлар, үлкен дөңгелек қазан шұңқырлар, ал жер астында үлкен бос кеңістіктер, үңгірлер пайда болады. Мұндай жерлерде өзендер жер жарығына, шұңқырға құйылып, жер астында, сонан кейін қайта жер бетіне шығып ағады. Жұмсақ және борпылдақ жыныстарға су әсер ететін болса, шөлдік климат жағдайларында суға ерігіш жыныстарда (сазды мергельде) «жалған карст» немесе саздық карст пайда болады. Бұл жағдайда рельеф өте қатты бедерлі болып келеді. Карстық құбылыстар Қырымда, Кавказда, Орта Азияда, Оралда, Сибирьдің кейбір аудандары мен европалық бөліктегі Горький, Тула, Архангельск, Калинин облыстарында кең тараған. [2] [3]
Карст дамуы үшін: тегіс және шамалы еңіс бет; Карст жаралатын таужыныстардың қалындығы біршама, жер асты суларының деңгейі төмендеу болу керек. Карст қуыстары терендік жағдайы бойынша терең және саяз түрлерге бөлінеді. Қопсық жабынының дамуы бойынша: ашық (Жерорта теңізі, Қырым) және жабық (Орал) Карсттар болады; 2) біршама тез еритін таужыныстардан (гипс, әктас, доломит, тас тұз) тұратын өңірлерде пайда болатын бедер пішіндерінің өзіндік кешені. Карст көбінесе теріс бедер пішіндерін калыптастырады. Жаралуы бойынша еру арқылы (Карст) және еру мен механикалық шайылу арқылы (Карст және суффозия) пайда болған түрлерге бөлінеді. Морфологиясы бойынша бөлінетін пішіндер:
- а) жер бетілік Карст — карр, понор, қазаншұңқыр, полье; құрғақ, соқыр және қап тәрізді аңғарлар;
- б) жерастылық Карсттік каналдар, үңгірлер, көлбеу каналдар-галереялар. Жерастылық пішіндер жер бетіне дейін дамуы мүмкін. Жерастылық пішіндер карст базисі деңгейінен төменгі бөліктерде жаралады.