Рельеф
From Wikipedia, the free encyclopedia
Рельеф (фр. relief — көтеремін) — жер бедері, жер бетінің горизонтальды және вертикальды тілімделген формаларының, яғни дөңестер мен ойпаңдардың, таулар мен ойпаттардын жиынтығы. Ол эндогендік және экзогендік процестердің әрекеттерімен түзіліп, езгеріп отырады. Эндогендік процестер рельефте ірі бұдырлар жасайды да, «Жер пішінінің» негізгі түрін құрайды, экзогендік процестер рельефтің әр формаларын жасап тегістейді. Әрбір аймақтың рельеф формасы оның геологиялық құрылысына, экзоген мен эндогендік процестердің біреуінің басым болуына, оның ұзақ уақыт әсер етуімен байланысты болады. Рельефтің бұдырлығы әр түрлі мөлшерде болуы мүмкін, сондықтан ол макрорельеф, мезорельеф, микрорельеф болып бөлінеді. Рельефті географияның ерекше тармағы геоморфология ғылымы зерттейді. [1]
Мына мақаланы не бөлімін Жер бедері дегенмен біріктіруге ұсынылған. (Талқылауы) |
Рельеф оң және теріс формалардан тұрады. Рельеф геоморфологияның зерттеу объектісі болып табылады және географиялық қабықтың ең маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Біріншіден, рельеф табиғи аумақтық кешендердің негізі болып табылады. Екіншіден, рельеф жер бетіне ылғал мен жылуды (яғни зат пен энергияны) қайта таратады.