Түрік Әуе Жолдары
From Wikipedia, the free encyclopedia
Түрік Әуе Жолдары (түр. Türk Hava Yolları (THY), ағылш. Turkish Airlines) — Түркияның ұлттық әуетасымалдаушысы. Штаб пәтері Ыстамбұлда орналасқан.[2] Ол Еуропа, Азия, Африка және Америка елдеріндегі 120 халықаралық және 37 ішкі қалаға ұшып, 38 ішкі және 158 халықаралық әуежайға қызмет көрметеді. Әуекомпанияның негізгі тұрғылықты орны Ататүрк Халықаралық Әуежайы болып табылады. Есенбога Халықаралық Әуежайы мен Аднан Мендерес Халықаралық Әуежайы екінші дәрежелі хабтары болып табылады. 2006, 2007 және 2008 жылдары, THY 17 миллион 19.7 миллион және 22.5 миллион жолаушы тасымалдап, жалпы есеппен US$2.23, US$3.0 және US$4.5 миллиард кіріс тапты.[3] Әуекомпанияның шамамен 12,000 жұмыскері бар. 2008 жылдың бірінші сәуірінен бастап Түрік Әуежолдары Star Alliance-тың толыққанды мүшесі.
Түрік Әуе Жолдары Türk Hava Yolları | ||
---|---|---|
ИАТА TK | ИКАО THY | Шақыру белгісі TURKISH |
Құрылған жылы | 1933 жыдың 20 мамыры | |
Хабтар | Ататүрк Халықаралық Әуежайы | |
Екінші дәрежелі хабтар |
| |
Альянс | Star Alliance | |
Әуе паркінің саны | 304 (+19 Тапсырыс, +3 Опция)[1](incl.subsidiaries) | |
Ұшу бағыттарының саны | 280(38 ішкі + 242 халықаралық) | |
Штаб-пәтері | Ыстамбұл, Түркия | |
Басшылары | Темел Котил (Президент) Кандан Карлитекин (Төраға) | |
Сайты: turkishairlines.com |