Үйеңкі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Үйеңкі (лат. Ácer) — әдемі жапырақты бұталы немесе ағаш тектес өсімдік.
Quick Facts Үйеңкі, Ғылыми топтастыруы ...
Үйеңкі | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Қантты үйеңкі
| ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||
128 түрі белгілі |
Close
Ерте көктемде гүлдейді. Канада, Америка, Еуропа, солтүстік Африка, Азия аймақтарында таралған. Қазақстанда негізінен “Татар үйеңкісі” деп аталатын түрі көбірек өседі. Үйеңкінің жалпы 150-ге жуық түрі бар. Биіктігі 20-55 метр аралығында болады. Жапырақтарының пішіні әр түрлі: шеті тілімденген саусақ салалы, жиегі иректелген және шілтерлі болып келеді. Түстері түрлеріне қарай жасыл, сары және қызыл болады. Үйеңкіні әдемі жапырақтары үшін көгалдандыруда кеңінен қолданады. Жазда жасыл қанатты жемістерін береді. Күзде қанаттары қоңырқай тартқанда, жемісі пісіп жетіледі.