Қырым Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Қырым Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы (қырымтат. Qrьm Avtonomjalь Sovet Sotsialist Respuвlikasь, Кърым Автономиялы Совет Социалист Республикасы — 1920-1930 жылдар емлесі бойынша, қазір. қырымтат. Qırım Muhtar Şuralar Sotsialistik Cumhuriyeti) — 1921 жылдың 18 қазанынан 1945 жылдың 30 маусымына дейін және 1991 жылдың 12 ақпанынан[1] 1992 жылдың 26 ақпанына дейін Қырым түбегінің аумағында болған автономиялық республика.
Қырым Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы | |||||
қырымтат. Qrьm Avtonomjalь Sovet Sotsialist Respuвlikasь Кърым Автономиялы Совет Социалист Республикасы | |||||
| |||||
Әнұраны: «Къызыл аскер марши» | |||||
Әкімшілігі | |||||
---|---|---|---|---|---|
Ел | |||||
Кіреді |
РКФСР (1922—1945) | ||||
Әкім. орт. | |||||
Тарихы мен географиясы | |||||
Құрылған уақыты | |||||
Таратылған уақыты | |||||
Жер аумағы |
26 860 км² | ||||
Қырым Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы Ортаққорда |
Қырым Автономиялық Социалистік Кеңес Республикасы 1921 жылы 18 қазанда РКФСР құрамында құрылды[2], кейінірек 1936 жылғы КСРО, РКФСР конституцияларына сәйкес және 1937 жылғы Қырым АСКР Қырым Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы болып қайта аталды.
Орыстар, қырым татарлары, украиндар — басым халықтар, немістер, яһудилер, гректер, армяндар саны айтарлықтай болды. 1932 жылы оның ауданы 25,9 мың км² болды. Қырымның байырғы халқы республика Конституциясына сәйкес қырым татарлары мен қарайымдар болып табылады.
1945 жылы 30 маусымда бұл автономиялық республика Қырым облысы болып өзгертілді, 1954 жылы 26 сәуірде Украина КСР-іне берілді. 1991 жылы 12 ақпанда Украина КСР құрамында автономия қалпына келтірілді (1991 жылдың 24 тамызынан бастап – тәуелсіз Украина мемлекеті), 1992 жылы 26 ақпанда Қырым Республикасы[3], ал 1994 жылы 21 қыркүйекте – Қырым Автономиялық Республикасы[4][5] деп аталды.