Украина
Орталық және Шығыс Еуропадағы мемлекет / From Wikipedia, the free encyclopedia
Украина (укр. Україна, [ukrɑˈjinɑ]) — Шығыс Еуропадағы ірі мемлекет және Еуропадағы екінші ең ірі ел, 24 облыс пен Қырым Автономиялық Республикасынан тұрады. Жер көлемі 600 мың шаршы шақырымға тең. Солтүстігінде Беларусьпен, батысында Польша, Словакия мен Мажарстанмен, оңтүстік-батысында Румыния мен Молдовамен, шығысында Ресеймен және оңтүстігінде Қара мен Азов теңіздерімен шектеседі. Елдің астанасы және ең ірі қаласы — Киев.
Украина укр. Україна | |||||
| |||||
Әнұран: «Державний Гімн України» (тыңдау (ақп.)) | |||||
Еуропа картасындағы Украина. Ашық жасылмен уақытша жауланған аумақ белгіленген.
| |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 24 тамыз 1991 жыл (КСРО-дан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілі | украинша[1] | ||||
Елорда | Киев | ||||
Ірі қалалары | Киев, Харьков, Одесса, Днепр, Донецк, Запорожье, Львов, Кривой Рог, Николаев, Мариуполь | ||||
Үкімет түрі | Парламенттік-президенттік республика | ||||
Президенті Премьер-министрі Верховна рада төрағасы |
Володимир Зеленський Денис Шмигаль Руслан Стефанчук | ||||
Мемлекеттік діні | Зайырлы мемлекет | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 45- орын 603,628 км² 7 | ||||
Жұрты • Сарап (2019) • Санақ (2001) • Тығыздығы |
▼ 37,552,198[2](Қырым мен Севастопольды қоспағанда) адам (33-) 48,457,102 адам 73.8 адам/км² (115-) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
▲ 408.040 млрд.[3] $ (47-) ▲ 9.743[3] $ (111-) | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
▲ 134.887 млрд.[3] $ ▲ 3.220[3] $ (128-) | ||||
АДИ (2018) | ▲ 0.750[4] (жоғары) (88-) | ||||
Валютасы | Украина гривнасы (₴, UAH) | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
ISO коды | UA | ||||
ХОК коды | UKR | ||||
Телефон коды | +380[5] | ||||
Уақыт белдеулері | UTC+2 (жазда UTC+3) |
41,6 миллион халқының 74 пайызы — украиндар. Одан басқа поляк, словак, румын, мажарлар бар, олар елдің батыс жағында қоныстанған болса, орыстар негізінен шығысында тұрады. Украинаның ресми тілі — украин тілі. Елдегі діншілдердің көпшілігі православие дінін ұстанады, сонымен қатар католицизмді, иудаизмді және исламды ұстанушылар бар.
1991 жылғы тамызда Украина КСРО құрамынан шығып, өз тәуелсіздігін алды.[6] 1996 жылы жаңа конституция қабылданды. Еуромайдан деп аталатын бірқатар жаппай шерулер 2014 жылы төңкерістен кейін жаңа еуропашыл үкіметтің құрылуына әкелді. Содан кейін Ресей Украинаның Қырым түбегін заңсыз түрде аннексиялады және ресейшіл толқулар Украинаның шығысындағы Ресей қолдайтын сепаратистер мен үкімет күштері арасындағы Донбасста соғысқа ұласты. Ресеймен соғыс басталғаннан бері Украина АҚШ, Еуропа Одағы және НАТО-мен тығыз байланыс орнатуды жалғастырды. Ресей 2022 жылы Украинаға басып кірді[7] және елдегі қақтығыстар әлі де жалғасуда.