Украина туы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Украина туы (укр. Прапор України) — Украинаның мемлекеттік байрағы. Екі көлденең орналасқан, сары және көк түсті бірдей жолақтардан құрылған. Мемлекеттік ту ретінде бұл дизайн ең бірінші рет Львів Ратушасының басында 1848 жылғы революциялар заманында қолданылды. Сол кезден бері ол украиндардың бейресми туы болып келген. Ресми түрде ол 1918 жылы көп жасай алмаған Батыс Украина Халық Республикасының байрағы болды, кейінірек ол Украина Халық Республикасының және Екінші дүниежүзілік соғыстан бұрын Карпаттық Украинаның да туы болды.
Украина Кеңес Одағының құрамына енгенде биколор жойылды, оның орнына жаңа социалистік дизайн қолданылды. Тәуелсіздіктің алынғанынан бері ту қайта қабылданды. 23 тамыз Украинада ресми түрде Мемлекеттік Ту күні тойланады.