Қазақ тілі
түркі тілдерінің бірі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі / From Wikipedia, the free encyclopedia
Қазақ тілі (төте: قازاق ٴتىلى, латын: qazaq tili) — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, сонымен қатар Ресей, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия жəне т.б. елдерде тұратын қазақтардың ана тілі.
Қазақ тілі, قازاق ٴتىلى, Qazaq tili | |
Айтылуы: | |
---|---|
Елдер: |
Қазақстан, Қытай, Моңғолия, Ауғанстан, Тәжікстан, Түркия, Түрікменстан, Украина, Өзбекстан, Ресей, Иран |
Ресми күйі: |
Қазақстан (мемлекеттік тіл)
|
Реттейтін мекеме: |
Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрлігі |
Сөйлеушілер саны: |
16,7 млн |
Рейтинг: |
76 орын[2] |
Классификация | |
Санаты: | |
Алтай тілдері (даулы)
| |
Жазуы: |
кирилше (орысша), төте жазу (арабша), латынша (Қазақ әліпбиін қараңыз) |
Тіл коды | |
МЕСТ 7.75–97: |
каз 255 |
ISO 639-1: |
kk |
ISO 639-2: |
kaz |
ISO 639-3: |
kaz |
Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика |
Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына, соның ішінде қарақалпақ, ноғай, қарашай тілдерімен бірге қыпшақ-ноғай тармағына жатады. Сонымен қатар қырғыз, татар, башқұрт, қарашай-балқар, құмық, қарайым, қырымтатар тілдеріне жақын.
Қазақ тілі диалектілерге бөлінбейтіні ғылыми түрде дәлелденген. Барлық өлкелердің қазақтары бір-бірін жақсы түсінеді. Бірақ кейбір ғалымдардың пікірінше қазақ тілі 3 диалектіге бөлінеді: солтүстік-шығыс, оңтүстік және батыс (ескі үш жүздің орналасқан аумағы бойынша).