Юкка
From Wikipedia, the free encyclopedia
Юкка (лат. Yucca) – қасқыржемдер тұқымдасының агавалар тұқымдас тармағына жататын көпжылдық ағаш пішіндес өсімдік. Солтүстік Американың ылғалды субтропикалық аймағынан шыққан. Табиғатта 40-қа жуық түрі бар. Елімізде оның бақшада өсетін, аласа бойлы жасыл және ала жапырақты түрлері өседі. Бақшада өсетін юккалар гүлдейді. Биіктігі 60-80 см. Жазда калың, жиектері тістілеу жапырақтарының ортасынан шырақ секілді гүлсабағы өсіп шығып, қоңырау тәрізді ақ гүл жарады. Төменде біз оның үйде өсетін түріне тоқталамыз.
Юкка | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Yucca filamentosa
| ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||
40-50 түрі белгілі |
Yucca elephantipes – әдемі жапырақты өсімдікке жататын күтімі жеңіл, ыстық пен суыққа төзімді өсімдік. Сүйір жапырақтарының жиектері қырлы, ара тісті болып келеді. Діңінің жоғарғы тұйық басынан семсер тәрізді ұзын да қалың жапырақтары тарала өседі. Жапырақтарының ұзындығы – 30-75 см, жалпақтығы – 5-8 см аралығында, түсі жасыл.