Шерлок (телесериал)
From Wikipedia, the free encyclopedia
«Шерлок»[1] (ағылш. Sherlock) — Hartswood Films компаниясымен түсірілген британдық телесериал, BBC Wales телетарату корпорациясы тапсырысымен жасалынған. Артур Конан Дойльдің Шерлок Холмс туралы детективтік туындысының сюжеті қазіргі заманға сәйкес үйлестіріліп, сериал хикаятына негіз болған.
Шерлок Sherlock | |
Сериал тақырыбы жазылған кадр | |
Жанры | детектив драма |
---|---|
Идея авторы | Марк Гатисс Стивен Моффат (Артур Конан Дойльдың туындысы бойынша) |
Рөлдерде | Бенедикт Камбербэтч Мартин Фримен |
Композиторы | Дэвид Арнольд Майкл Прайс |
Мемлекет | Құрама Патшалық |
Тілі | Ағылшын тілі |
Маусымдар саны | 4 |
Сериялар саны | 13 (Сериялар тізімі) |
Өндіріс | |
Продюсер | Сью Вертью |
Режиссёрі | Пол Макгиган Эйрос Лин Тоби Хайнс |
Сценарист | Марк Гатисс Стивен Моффат Стив Томпсон |
Серия ұзақтығы | 90 мин. |
Статус | түсіріліп жатыр |
Хабар тарату | |
Телеарна | Құрама Патшалық BBC One |
Бейне форматы | 1080i (HDTV) 576i (SDTV) |
Дыбыс форматы | Стерео |
Таратылым кезеңі | 25 шілде 2010 жыл (BBC One), 18 қыркүйек 2010 жыл (Бірінші арна (Ресей)) — жүріп жатыр |
Сілтемелер | |
IMDb | ID 1475582 |
өңдеу |
2009 жылы көрсетілмеген пилотты эпизодқа тапсырыс берілді, ал 2010 жылдың шілде мен тамыз айында BBC One және BBC HD телеарналарында бірінші маусымның тоқсан минуттық үш эпизоды көрсетілді. 2012 жылдың қаңтар айында үш сериалы екінші маусымы көрсетілді, ал үшінші маусымы 2013 жылға жоспарланған. Қазақстанда сериал Бірінші арна арқылы көрермендерге жол тартты.
Сериал авторлары: Стивен Моффат пен Марк Гэтисс «Дәрігер Кім» және «Джекилл» телесериалдарымен танымал болған. Басты кейіпкер Шерлок Холмс рөлін Бенедикт Камбербэтч, доктор Джон Ватсон рөлін Мартин Фримен сомдаған. Түсірілім Лондон мен Кардиффте жүрген.
Жобаның екі маусымына да киносыншылар тарапынан оң пікірлер айтылып, бірнеше жүлделерге ұсынылған. 2011 жылы «Шерлок» телесериалы BAFTA телевизиялық жүлдесінің «Ең үздік драмалық сериал» санатын иеленді.[2]