Шерлок Холмс
From Wikipedia, the free encyclopedia
Шерлок Холмс — атақты әдеби кейіпкер, 19-шы ғасырдың аяғы, 20-шы ғасырдың басында өмір сүрген деп бейнеленген детектив. Ол туралы алғашқы басылым 1887 жылы жарыққа шыққан. Оның авторы — Шотландияда туып-өскен жазушы және дәрігер Артур Конан Дойль. Шерлок Холмс Лондонда тұратын жеке детектив, ол детективті пайымдау және абдуктивті пайымдау атты тәсілдерді және мұқият бақылауды қолдана отырып қиын қылмыстық істерді шешумен айналысады.
Конан Дойль Холмс туралы төрт повесть және алпыс алты әңгіме жазған. Әңгімелердің төртеуінен басқасының бәрі Холмстың досы және өмірбаяншысы дәрігер Ватсон атынан жазылған, екеуін баяндайтын Шерлок Холмстың өзі, және тағы екеуі үшінші жақтан баяндалады. Шерлок Холмс туралы ең алғашқы екі әңгіме Beeton's Christmas Annual («Битонның рождестволық жылнамасы») 1887 жылғы басылымында және 1890 жылы Lippincott's Monthly Magazine («Липпинкоттың айлық журналы») басылымында жарық көрген. 1891 жылы «Странд» журналында ол туралы әңгімелер басыла бастағаннан соң Шерлок Холмс кең танымал бола бастады. Конан Дойль 1930 жылы қайтыс болғанға дейін жаңа әңгімелер шығып отырды. Оларда Холмс өмірінің 1878 -1903 жылдар аралығы суреттеледі, соңғы ісін ол 1914 жылы шешті.