Халықаралық Олимпиада комитеті
From Wikipedia, the free encyclopedia
Халықаралық Олимпиада комитеті (қыс. ХОК) — халықаралық ұйым, Олимпиада ойындарын қайта дамыту және олимпиада қозғалысын насихаттау үшін құрылған ұйым. Комитеттің штаб-пәтері Швейцарияның Лозанна қаласында орналасқан. ХОК 1894 жылғы 23 маусымда барон Пьер де Кубертенмен және Деметриус Викеласпен Париж қаласында құрылған. Жыл сайын 23 маусымда Халықаралық Олимпиада күні тойланады. Қазіргі кезде оған 205 ұлттық олимпиада комитеті мүшелік етеді (бірақ, Кувейт 2010 жылы мүшелік етуді уақытша тоқтатты).
Comité international olympique International Olympic Committee Халықаралық Олимпиада комитеті | |
---|---|
Қысқармасы | ХОК |
Ұраны | Citius, Altius, Fortius |
Құрылуы | 23 маусым 1894 жыл |
Түрі | Спорт федерациясы |
Орналасуы | Швейцария, Лозанна |
Мүшелері | 204 ұлттық олимпиада комитеттері |
Ресми тілдері | Француз, ағылшын және ұйымдастырушы елдің ресми тілі, қажет болғанда |
Президент | Германия Томас Бах |
Ресми торабы | www.Olympic.org |
ХОК әр төрт жылда бір рет жазғы және қысқы қазіргі Олимпиада ойындары мен жасөспірімдер үшін Олимпиада ойындарын ұйымдастырады. Халықаралық олимпиада комитетімен ұйымдастырылған алғашқы жазғы Олимпиада ойындары 1896 жылы Грекиялық Афинада өткізілді, ал алғашқы қысқы ойындар Франциядағы Шамони қаласында 1924 жылы өтті. 1992 жылға дейін жазғы және қысқы Олимпиада ойындары бір жылда өткізілетін еді. Бірақ, 1992 жылдан бастап жазғы және қысқы ойындар араға екі жыл салып өтіп тұрады. Алғашқы жазғы жасөпірімдер Олимпиада ойындары 2010 жылы Сингапур қаласында өтті, ал қысқы 2012 жылы аустриялық Инсбрукте.[1]
Жыл сайын 23 маусымда Халықаралық Олимпиада күні тойланады.