Саванналар климаты
From Wikipedia, the free encyclopedia
Саванналар климаты - қысы тым құрғак болып келетін тропиктік климат. Ең жылы айдың температурасы 25— 30°С және одан жоғары, ең суық айдың температурасы 18°С және одан да төмен, жылдық жауын-шашын мөлшері 2000 мм-ден 250 мм-ге дейін. Венесуэлада, Гвиананың бір бөлігінде, Амазонканың оңтүстік жағында, Бразилияда, тропиктік Африканың көп бөлігінде, Мадагаскардың батысында, Үндістанда 22° солтустік ендіктен оңтустікке қарай, Цейлонда, Бирманың орталық бөлігінде, Үндіқытайда, Солтүстік Аустралияда, Гавай аралдарында таралған.[1]