Рио-де-Жанейро
From Wikipedia, the free encyclopedia
Рио-де-Жанейро (порт. Rio de Janeiro — қаңтардағы өзен) — Бразилиядағы қала. Рио-де-Жанейро штатының әкімшілік орталығы, 1764 - 1960 жылдары аралығында Бразилияның астанасы. Халқы — 4,781 миллион адам, тұрғындары санынан Бразилиядағы Сан-Паулудан кейін екінші қала (Америкадағы 6-шы, әлемдегі 26-шы). Қаланың лақап атауы — «Ғажайып қала» (порт. Cidade Maravilhosa).
Қала | |||||
Рио-де-Жанейро | |||||
порт. Rio de Janeiro | |||||
| |||||
Әкімшілігі | |||||
---|---|---|---|---|---|
Ел |
БразилияБразилия | ||||
Штаты |
Рио-де-Жанейро | ||||
Мэр|Мэрі |
Марсело Кривела | ||||
Тарихы мен географиясы | |||||
Координаттары |
22°54′30″ о. е. 43°11′47″ б. б.22.90833° о. е. 43.19639° б. б. / -22.90833; -43.19639 (G) (O) (Я) | ||||
Құрылған уақыты |
1565 жыл | ||||
Алғашқы дерек | |||||
Жер аумағы |
1260 км² | ||||
Теңіз деңгейінен биіктігі |
31 м | ||||
Климаты |
тропикалық | ||||
Уақыт белдеуі | |||||
Тұрғындары | |||||
Тұрғыны |
6 476 631[1] адам (2016) | ||||
Тығыздығы |
4,781 адам/км² | ||||
Агломерация |
12 620 000 | ||||
Ресми тілі | |||||
Сандық идентификаторлары | |||||
Телефон коды |
+55 21 | ||||
Пошта индекстері |
20000-000 | ||||
rio.rj.gov.br (порт.) | |||||
Рио-де-Жанейро ЖІӨ бойынша Бразилиядағы екінші қала (2008 жылы бойынша әлемдегі 30-шы), шамамен $201 миллиард АҚШ долларға бағаланған.
Қалада көптеген университеттер мен институттар орналасқан. Бразилиядағы ірі ғылыми-зерттеу орталықтарының бірі, 2005 жылдың мәліметі бойынша, ұлттық ғылыми өндірісінің 17% құрайды.
Рио-де-Жанейро — оңтүстік жарты шардағы туристер саны бойынша бірінші орында және өзінің табиғатымен, карнавал тойлануымен, самбасымен, Босса-новамен және жағажайларымен (Барра-да-Тижука, Копакабана, Ипанема және Леблон) танымал. Сондай-ақ, жағажайлардан басқа қаланың ең танымал назар аударарлық орындарының бірі, Корковадо тауында орналасқан Құтқарушы Мәсіх мүсіні ('Cristo Redentor') әлемнің жаңа жеті кереметінің тізіміне енгізілді. Рио Оңтүстік Америкадағы алғаш рет өтетін 2016 жылдың жазғы Олимпиада ойындарын өткізеді. Сонымен қатар, қаланың басты спорттық аренасы - Маракана стадионында 2014 жылдың футбодан әлем чемпионатының финалды матчі өткізіледі. Маракана стадионы әлемдегі ең үлкен стадиондарының бірі болып табылады.