Отырар алқабының тарихы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Отырар алқабын ежелгі адам баласы бұдан 1 миллион жылдай бұрын мекендеген. Муны аймақта және Қаратау сілемдерінде жүргізілген археологиялық зерттеулер айғақтап отыр. Жалпы, адамның өмір сүру дәуіріне байланысты жер тарихындағы төрттік (антропогендік) дәуір бұдан 2 миллионнан аса жыл бұрын басталған. Бүл кезде Қазақстанда ірі палеогеографиялық өзгерістер болып, тау түзілу үдерістері жүрген. Төрттік дәуірде климат талай рет өзгерді. Томал антропогеннің алғашқы кезеңдерінде климат біршама жылы болды.