Марс
From Wikipedia, the free encyclopedia
Марс (Қызылжұлдыз) — Күн жүйесінің Күннен бастап санағандағы 4-ғаламшары; Жер тобындағы планеталар қатарына жатады. Орташа диаметрі 6800 км, массасы 6,423.1023кг, орташа тығыздығы 3,93 г/см3, бетіндегі ауырлық күшінің үдеуі 3,76 м/с2, орташа температурасы -60 °С. Марс Күнді эллипстік орбита бойымен 24,2 км/с жылдамдықпен айналады, Күннен орташа қашықтығы 228 млн км (перигелийінде 206 млн км, афелийінде 249 млн км). Марс, Күн және Жердің өзара бірдей қашықтықта орналасуы орташа есеппен 780 тәулікте қайталанады. Бұл Марстың “қарсы тұрыс” периодының қайталануы. Марстың қарсы тұрысы Марс орбитасының перигелийі маңында болған кезде ол Жерге ең жақын болатын 56 млн км қашықтыққа келеді. Осы кезде Марс 24 – 25° бұрышпен көрінеді, ал ондағы 60 – 100 км-лік заттар телескоппен қарағанда байқалады. Осындай кезді “ұлы қарсы тұрыс” деп атайды. Бұл 15 – 17 жылда тамыз айында (кейде шілде не қыркүйекте) қайталанады. Марс бетіндегі тұрақты жарық және қоңыр дақтар Марстың өз осінен айналуын бақылауға мүмкіндік береді. Марстың осьтік айналу периоды (жұлдыздық күн тәулігі) 24 сағ 37 мин 22,7 с. Марстағы жыл мезгілдерінің ауысуы және климаттық белдеуге (полюстік, қоңыржай, тропиктік) бөлінуі Жерге ұқсас. Бірақ Марстағы әрбір жыл мезгілі Жердегіден гөрі 1,9 есе ұзақ болады.[3]
Хаббл телескопынан қарағандағы Марс | ||||||||||
Орбиталық сипаттамасы | ||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Дәуірі J2000[1] | ||||||||||
Афелиі: | 249,228,730 км
1.665 991 16 АБ 154.863,553 миль | |||||||||
Перигелиі: | 206,644,545 км
1.381 333 46 АБ 128,402,967 миль | |||||||||
Үлкен жарты осі: | 227,936,637 км
1.523 662 31 АБ 141,632,976 миль | |||||||||
Кіші жарты осі: | 226,939,986 км
1.517 000 11 АБ 141,013,687 миль | |||||||||
Орбиталық шеңбері: | 1,429,033,627 км
9.552 5 АБ 887,958,548 миль | |||||||||
Эксцентриситет: | 0.093 412 33 | |||||||||
Жұлдыздық мезгілі: | 686.9600 тәулік (1.8808 жыл) | |||||||||
Ауытқы мезгілі: | 779.96 тәулік (2.135 жыл) | |||||||||
Орташа орбит. жылд-ғы: | 24.077 км/с (53,859 mph) | |||||||||
Ең көп орбит. жылд-ғы: | 26.499 км/с (59,277 mph) | |||||||||
Ең аз орбит. жылд-ғы: | 21.972 км/с (49,150 mph) | |||||||||
Орбитаның қиғаштығы: | 1.850 61° (5.65° Күннің экваторынан) | |||||||||
Үдемелі түйін бойлығы: | 49.578 54° | |||||||||
Перигелий аргументі: | 286.462 30° | |||||||||
Серіктері: | 2 | |||||||||
Физикалық сипаттамалары | ||||||||||
Экваторлық радиусы: | 3402.5 км (2114.2 миль) (0.533 Жер) | |||||||||
Полюстік радиусы: | 3377.4 км (2098.6 миль) (0.533 Жер) | |||||||||
Oblateness: | 0.007 36 | |||||||||
Бет ауқымы: | 1.448×108 км²)
(144,798,465 км²)(55,907,000 миль²) (0.284 Жер) | |||||||||
Деңгейі: | 1.6318×1011 км³ (0.151 Жер) | |||||||||
Массасы: | 6.4185×1023 кг (0.107 Жер) | |||||||||
Тығыздығы: | 3.934 г/см³ | |||||||||
Экватордағы еркін түсу үдеуі: | 3.69 м/с2 (0.376g) | |||||||||
жыту жылдамдығы: | 5.027 км/с (11,245 миль/сағ) | |||||||||
Жұлдыздық айналым мезгілі: | 1.025 957 тәулік (24.622 962 сағ) | |||||||||
Экватордағы айналым тездігі: | 868.22 км/сағ (539.49 миль/сағ) | |||||||||
Біліктік еңкейісі: | 25.19° | |||||||||
Солтүстік полюстің оң үдемелігі: | 21 сағ) 10 мин 44 с (317.681 43°) | |||||||||
Солтүстік полюстің ауытқылауы: | 52.886 50° | |||||||||
Альбедо: | 0.15 | |||||||||
Беттік темп-сы: Кельвин Цельсий/Фаренгейт |
| |||||||||
Атмосферасы | ||||||||||
Беттік қысымы: | 0.7–0.9 кПа | |||||||||
Құрамы: | 95.72% Көміртек диоксиді
2.7% Азот |