Магний
From Wikipedia, the free encyclopedia
Магний (лат. Magnesіum; Mg) — элементтердің периодтық жүйесіндегі ІІ топтың элементі, атом нөмірі 12, атом м. 24,312. Табиғатта үш изотопы бар: 24Mg, 25Mg, 26Mg. 1808 ж. ағылшын ғалымы Г.Дэви (1778 – 1829) ашқан. Жер қыртысындағы масса бойынша мөлш. 2,1%. Ол барлық қосылыстарында екі валентті. Магний күмістей ақ, өте жеңіл, берік металл; тығыздығы 1,74 г/см3, балқу t 650ӘС, қайнау t 1107ӘС.
| |||||||||||||||
Жай заттың сыртқы бейнесі | |||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
жеңіл, иілгіш, күміс-ақ металл
| |||||||||||||||
Атом қасиеті | |||||||||||||||
Атауы, символ, нөмірі |
Магний / Magnesium (Mg), 12 | ||||||||||||||
Топ типі | |||||||||||||||
Топ, период, блок |
2, 3, s | ||||||||||||||
Атомдық масса (молярлық масса) | |||||||||||||||
Электрондық конфигурация |
[Ne] 3s2 | ||||||||||||||
Қабықшалар бойынша электрондар |
2, 8, 2 | ||||||||||||||
Атом радиусы |
160 пм | ||||||||||||||
Химиялық қасиеттері | |||||||||||||||
Ковалентті радиус |
141±7 пм | ||||||||||||||
Ван-дер-Ваальс радиусы |
173 пм | ||||||||||||||
Ион радиусы |
66 (+2e) пм | ||||||||||||||
Электртерістілігі |
1,31 (Полинг шкаласы) | ||||||||||||||
Электродты потенциал |
−2,37 В | ||||||||||||||
Тотығу дәрежелері |
0; +2 | ||||||||||||||
Иондалу энергиясы |
1-ші: 737,3 (7,64) кДж/моль (эВ)
| ||||||||||||||
Жай заттың термодинамикалық қасиеттері | |||||||||||||||
Термодинамикалық фаза | |||||||||||||||
Тығыздық (қ.ж.) |
1,738 г/см³ | ||||||||||||||
Балқу температурасы |
650 °C (923 K) | ||||||||||||||
Қайнау температурасы |
1090 °C (1363 K) | ||||||||||||||
Балқу жылуы |
9,20 кДж/моль | ||||||||||||||
Булану жылуы |
131,8 кДж/моль | ||||||||||||||
Молярлық жылусыйымдылық |
24,90 Дж/(K·моль) | ||||||||||||||
Молярлық көлем | |||||||||||||||
| |||||||||||||||
Жай заттың кристаллдық торы | |||||||||||||||
Тор құрылымы |
алтыбұрышты | ||||||||||||||
Тор параметрлері |
a=0,32029 нм, c=0,52000 нм Å | ||||||||||||||
c/a қатынас |
1,624 | ||||||||||||||
Дебай температурасы |
318 K | ||||||||||||||
Басқа да қасиеттері | |||||||||||||||
Жылуөткізгіштік |
(300 K) 156 Вт/(м·К) | ||||||||||||||
Юнг модульі |
45 ГПа | ||||||||||||||
Жылжу модульі |
17 ГПа | ||||||||||||||
Пуассон коэффициенті |
0.290 | ||||||||||||||
Моос қаттылығы |
1–2.5 | ||||||||||||||
Бринеллий қаттылығы |
44–260 МПа | ||||||||||||||
CAS нөмірі |
7439-95-4 |
Ол қорғағыш оксид пленкамен қапталғандықтан, құрғақ ауада 350ӘС-қа дейінгі температурада тотықпайды, бірақ 600 – 650ӘС-та өздігінен тұтанып, жарқырай жанып, Магний оксидін (MgO) және аздап нитридін (Mg3N2) түзеді. Құрамында бос оттек (О2) жоқ суық сумен әрекеттеспейді; қайнап жатқан судан Н2-ні ығыстырады.
Сұйытылған қышқылдарда жеңіл ериді концентрленген күкірт қышқылының (H2SO4) және HF ерітінділерінде пассивтеледі]; сілтілердің суық ерітінділерінде ерімейді. Қыздырғанда сутегімен, галогендермен S, N2, C-пен әрекеттеседі. Магнийді құрамында MgCl2 бар балқымаларды электролиздеу арқылы, күйдірілген магнезит немесе доломитті металлотерм. (ферросилициймен) тотықсыздандыру және MgO-ін көміртерм. тотықсыздандыру арқылы алады.