Кәдімгі қырыққұлақ
From Wikipedia, the free encyclopedia
Кәдімгі қырыққұлақтар (Polypodiaceae) – жоғары споралы өсімдіктер.
Polypodiaceae | ||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Pleopeltis polypodioides fronds on an oak limb
| ||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||
| ||||||||||
Синонимдері | ||||||||||
Drynariaceae |
Жер шарында кең тараған, әсіресе, тропиктік Еуропада жиі кездеседі. Қазба қалдықтары ертедегі триас кезеңінің қабаттарынан табылған 50-ге жуық туысы, 1500-дей түрі белгілі. Қазақстанда 14 туысы, 27 түрі белгілі. Жапырақтары (оларды вайя деп атайды) жуан, етті тамырларының жоғарғы жағында екі қатар болып орналасады. Олардың сыртын қабыршақтар немесе түктер жапқан. Бұл тұқымдастың өзіне тән ерекшелігі эллипс немесе домалақ сорустары (жабынсыз) жапырақ тақтасының төменгі жағында жатады. Спорангийлері 13 – 14 қалың қабықты клеткалар мен саңылаудан тұрады. Осы саңылауы (стомий) арқылы споралары шашылады. Спорангийлерінің аяқтары екі қатар орналасқан клеткалардан құралады. Бұл тұқымдасқа жататын өсімдіктерді эпифиттер деп атайды. Бұлар өсімдіктердің діңінде, бұтағында, кейде тіпті ағаштың ұш жағында өз бетінше қоректеніп өседі. Эпифиттердің осы ерекшеліктері ағаш қабығының ылғалдылығын арттырады. Сондықтан өсімдіктердің эпифиттер орналасқан бөлігінде бактериялар, саңырауқұлақтар мен әр түрлі жәндіктер жиналады. Мысалы, кейбір қырыққұлақтардың тамырында пайда болған құмырсқалардың үйірі, оларды әр түрлі жағдайлардан (ірі жануарлардың қоректенуіне жол бермейді) қорғайды.[1]