Комплекс (психология)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Комплекс (лат. complex - байланысу, тіркесу) — психологияда, әсіресе психоанализде мәлім ортақ тақырып (мысалы билік, мәртебе секілділер) төңірегінде тұлғалық бейсаналықтан қалыптасып қалған эмоциялық реңдегі идеялардың, естеліктердің, қабылдаулар мен тілектердің жиынтығы.[1] Психоанализде аталған термин Зигмунд Фрейд пен Карл Юнг шығармаларында молынан кездеседі.
Комплекске келесідей мысал келтіруге болады: егер біреу сүндеттелген болса, одан физикалық тұрғыда ешқандай ауру, не кемістік қалмаса да, бәрібір оның өмірінде, ішкі жан дүниесінде терең әсер қалдырады. Адамда осы мәселеге қатысты түрлі ойлар, эмоциялар, естеліктер, қор санау сезімдері, жеңістіктер, азаптанулар және шешімдер болуы мүмкін. Егер бұл ойлардың мазалауы асқынса, Юнг бойынша, бұл сүндет туралы комплекс деп аталады.[2]
Комплекстің ерекшеліктері тереңдік психологиясы саласында кеңінен зерттеледі. Тереңдік психологиясы әдетте жалпы психологияның бір саласы болып, ол бойынша тұлғалық қасиеттерді бейсаналық процестер белгілейді және қалыптастырады.[2] Юнгнің түсіндіруі бойынша, комплекстер психикалық ландшафтың ортақ ерекшелігі есептеледі, ол психотерапияда зерттеу мен мәселе шешуде үлкен маңызға ие, әсіресе даралықты, немесе болмыстық тұтастықты таныған кезде. Шешімсіз жағдайда комплекстер біздің ойымызға, сезімімізге және мінезімізге бейсаналық әсер етіп, психологиялық интеграцияға кедергі келтіреді.