Кеңес Одағы маршалдарының тізімі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Бұл тізімде әскери лауазымдарды атқарған, Кеңес Одағының маршалы жеке әскери атағы берілген барлық әскери қызметкерлер мен саяси қайраткерлердің аты-жөні, өмір сүру кезеңі және кәсіби деректері қамтылған.
Кеңес Одағының Маршалы атағы 1935 жылы 22 қыркүйекте КСРО Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Кеңесінің «ЖШҚӘ қолбасшылық құрамының жеке әскери атақтарын енгізу туралы» қаулысымен Жұмысшы-шаруа Қызыл әскері (ЖШҚӘ) және Жұмысшы-шаруа Қызыл флоты (ЖШҚФ) жеке құрамы үшін жеке әскери атақтарды енгізді. Осы қаулының 3-тармағынан: Жоғарғы Бас қолбасшылықтың көрнекті және ерекше еңбегі сіңген тұлғаларына КСРО Үкіметі жеке беретін «Кеңес Одағы маршалы» атағы белгіленсін. КСРО ОАК мен ХКК төрағасы М. Калинин. КСРО ОАК мен ХКК хатшысы И. Акулов[1].
1935 жылы 21 қарашада азаматтық соғыста ерекше көзге түскен әскери жетекшілерге — ең жоғары әскери атақ, Кеңес Одағы маршалы жеке атағы алғаш рет берілді, олар: К.Е.Ворошилов, А.И.Егоров, М.Н.Тухачевский, В.К.Блюхер және С.М.Буденный.
1945 жылға дейін бұл ЖШҚӘ ең жоғары жеке атақ болды, ал одан кейінгі кезеңде Кеңес Одағы генералиссимусының жоғары атағынан кейін тұрды.
Кеңес Одағының Маршалы әскери атағы КСРО-ның ыдырауына байланысты әскери атақтардың тізімінен шығарылды. Ресей Федерациясында 1993 жылы Ресей Федерациясының маршалы әскери атағы бекітілді.
Кеңес Одағының Маршалы атағы 41 рет берілді, оның 36-сы кәсіби әскерилерге, 5-і саяси қайраткерлерге берілді. Соңғы рет Кеңес Одағы маршалы атағы 1990 жылы 28 сәуірде Д.Т.Язовқа берілді.
1945 жылдың ақпанында Иван Данилович Черняховскийге Кеңес Одағы маршалы атағы берілуі тиіс болған, бірақ ол тиісті жарлық жарияланғанға дейін бірнеше күн бұрын қайтыс болды деген ақпарат бар[2][3].