Кеңес Одағы маршалы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Кеңес Одағы маршалы (орыс. Маршал Советского Союза) — КСРО ҚК Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскерінің (ЖШҚӘ) және Кеңес әскерінің (КӘ) бас қолбасшы құрамындағы жеке әскери атақ.
Кеңес Одағы маршалы | |||||
орыс. Маршал Советского Союза | |||||
| |||||
Мемлекеті | |||||
---|---|---|---|---|---|
Жоғары шен |
Кеңес Одағы генералиссимусы (1945 бастап) | ||||
Кіші шен |
Армия генералы, 1943 жылдан бастап Әскер түрлерінің бас маршалы | ||||
Аналогы |
Кеңес Одағы флоты адмиралы (1955 бастап) |
Бұл атақ 1935 жылы енгізіліп, соңғы рет 1990 жылы берілді. 1993 жылы Ресей Қарулы Күштері оны әскери атақтар тізімінен алып тастады. 1945 жылдың 26 маусымына дейін ол Қызыл Әскердегі ең жоғары атақ болды, одан кейін Кеңес Одағы генералиссимусы шенінен кейінгі екінші жоғары атақ атанды. Алайда, 1953 жылы жалғыз генералиссимус И.В.Сталин қайтыс болғаннан кейін іс жүзінде қайтадан ең жоғары болды. Жеке әскери атақ КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының Жарлығымен берілді.
1943 жылдан бастап кейбір әскери бөлімдерде, қарулы күштер бөлімшелерінде және арнайы жасақтарда әскер түрлерінің бас маршалы кіші шені болды[1]. КСРО Әскери-теңіз күштерінде 1946 жылдан бастап флот адмиралы[2], ал 1955 жылдан бастап — Кеңес Одағы флоты адмиралы атағы тең дәрежеде болды[3].