Капитан Марвел (DC Comics)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Капитан Марвел (ағылш. Captain Marvel) немесе Шазам (ағ. Shazam) атымен әйгілі – ойдан шығарылған суперқаһарман, комикстердің кейіпкері, басында Fawcett Comics деген баспадан жарияланып, қазір DC Comics баспасы басып шығарады. 1939 жылы Чарльз Кларенс Бек атты суретші мен жазушы Билл Паркердің ойлап тапқан кейіпкері; ол алғашқы рет Whiz Comics #2 (1940 ж. ақпан) журналында басылып шықты. Капитан Марвел – Билли Бэтсон радиода репортер болып істейтін қиялды жасөспірімнің альтер-эгосы. Оны Шазам атты мейірімді сиқыршы суперқаһарман болу үшін таңдады. Әрдайым Билли сиқыршының атын айтқанда, оған сиқырлы жай түсіп, жасөспірімнен алты мифологиялық кейіпкердің қабілеттерімен ержеткен суперқаһарманға аударады.[1] Оның отбасы мүшелері, әлемге «Марвел отбасы» ретінде танымал,оның ішінде Мэри Марвел мен Капитан –Марвел және кейбір достары Биллидің күшін алып өздері «Марвел» ретінде танылады.
Капитан Марвел туралы хикаяларында ол «әлемдегі ең мықты» болып жарияланды, сонымен қатар оған «Big Red Cheese» («Үлкен қызыл ірімшік») деген жалған атты суперзұлым Доктор Сиван қойған: содан соң бұл эпитетті Капитан Марвелдің қастерлеушілер қабылдады. Комикстарды сату бойынша Капитан Марвел 1940 жылдардың ең әйгілі суперқаһарман болып танылды. Осының себебі 1940 жылдары Captain Marvel Adventures (қаз. Капитан Марвелдің хикаялары) комикстердің сериясы Супермен мен басқа суперқаһармандардың комикстеріне қарай сатылған даналардың мөлшері үлкенірек болғандықтан.[2][3] Капитан Марвел хикаяларын киноға түсірілген тұңғыш суперқаһарман болды: 1941 жылы Republic Pictures студиясы «Капитан Марвелдің хикаялары» атты телехикаясын шығарды.
1953 жылы Fawcett Comics осы кейіпкер туралы басылымды тоқтатты – бір жағынан оның себебі DC Comics екеуінің аралығында кейіпкердің костюмы авторлық құқықтың бұзылуы туралы таласып жүрген. DC Comics Капитан Марвелдің кейіпкері Суперменнің бейнесінің ерекшеліктерді заңсыз алғанын жариялады. 1972 ж. DC Марвел отбасының кейіпкерлеріне лицензияны алып өз комикстердің әлеміне қайтарды; алайда, кейіпкерлердің толық құқықтарын 1991 ж. сатып алған. Сол кезден бастап DC Капитан Марвел мен Марвел Отбасын DC әлеміне енгізіп, бірнеше рет кейіпкердің әйгілілігін қайтадан әуелгі деңгейіне келтіруге тырысты. Осыған қарамастан Капитан Марвел жас ұрпақтың арасында аты ойлағандай шыққан жоқ, дегенмен 1970 жылдары CBS арнасында қаһарман туралы Shazam! атты телехикаясы үш маусыммен көрсетілді.
Fawcett пен DC Капитан Марвелдің хикаяларын басылымның аралығында Marvel Comics өзінің Капитан Марвелін сауда таңбасын тіркеп қойғандықтан, DC Comics Капитан Марвел мен Марвел Отбасыны осы атымен комикстер нарығында қолдануға құқығы болмады. 1972 жылдан бастап оның орнына DC Shazam! сауда таңбасын осы кейіпкердің комикстердің атауын ретінде пайдаланған. Сондықтан Капитан Марвелді жиі қате «Shazam» деп атайды. 2011 ж. DC студиясының барлық комикстердің жаңадан басылғанынан кейін, Капитан Маврел кейіпкері бір жола «Шазам» деп аталды. [4]