Итон колледжі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Итон колледжі (ағылш. Eton College, толық аты —ағылш. The King's College of Our Lady of Eton beside Windsor) —ұл балаларға арналған британдық жеке меншік мектеп. Колледж 1440 жылы Генрих VI королімен салынған болатын. Бұл колледж құрылғаннан қазіргі күнге дейін Ұлыбританияның 20 премьер-министрі осы колледждің түлегі атанды.Қазіргі премьер-министр және Ұлыбританияның Консервативті партиясының басшысы Дэвид Кэмерон —Итонның түлегі.
Итон колледжі Лондонның батысынан 30 км жерде,Темза жағалауында,Виндзор сарайы маңында орналасқан. Мектептің ресми мәртебесі— 13-18 жастағы ұл балаларға арналған мектеп-интернат.Оқу төлемі жылына 35,720 фунт немесе 55,630 долларға тең.Итонда барлығы 1300 студент оқып,кейбіреулері сыйлы корольдік стипендия иегері болғандықтан, оқуға бір тиын ақша төлемейді.