Темза
From Wikipedia, the free encyclopedia
Темза (ағылш: Thames; лат: Tamesis) — Ұлыбританиядағы ең үлкен өзен. Ұзындығы 334 км, су жиналатын алабы 15,3 мың км².
Quick Facts Темза, ағылш. Thames ...
Темза | |
---|---|
ағылш. Thames | |
Тауэрс көпірі бар Орталық Лондон | |
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 330 км |
Су алабының ауданы |
14 250 км² |
Су алабы | Солтүстік теңізі |
Су шығыны | 78,5 м³/с (Тиддингтон-Кингстон посты) |
Су ағысы | |
Бастауы | Темза-Хед, Глостершир |
• Биіктігі | 110 м |
• Координаттары | 51°41′39″ с. е. 2°01′47″ б. б.51.69417° с. е. 2.02972° б. б. / 51.69417; -2.02972 (G) (O) (Я) (T) |
Сағасы | Солтүстік теңізі |
• Орналасқан жері | Саутенд-он-Си |
• Биіктігі | 0 м |
• Координаттары | 51°29′56″ с. е. 0°36′31″ ш. б.51.49889° с. е. 0.60861° ш. б. / 51.49889; 0.60861 (G) (O) (Я) (T) |
Орналасуы | |
Ел | Ұлыбритания |
Аймақ | Англия |
Ортаққор: Темза |
Close
Котсуолд-Хилс қыратынан басталып, ағысының біршама бөлігі Лондон алабы арқылы өтіп, Солтүстік теңізге эстуарий жасап құяды. Жаңбыр суымен толығады. Орташа су ағымы 260 м3/с. Аязды жылдары ғана қатады.
Төменгі ағысы үнемі теңіздік толысу ағыстарына (Лондонда биіктігі 6 – 6,5 м) ұшырайды. Лечлейд қаласына дейін (атырауынан 311 км) өзен кемесі, Тилбери қаласына дейін теңіз кемесі жүзеді.
Жағалауында Ұлыбританияның астанасы – Лондон, Оксфорд, Рединг қалалары орналасқан. [1]