Илья Ильич Мечников
From Wikipedia, the free encyclopedia
Илья Ильич Мечников (3(15).5.1845, Украина, Харьков облысы Купянск ауданы – 2(15).7.1916, Париж) – Ресей биологы, эволюциялық эмбриологияның негізін салушылардың бірі, қабынудың салыстырмалы патологиясын және иммунитеттің фагоцитоздық теориясын жасаушы.
Илья Ильич Мечников | |
Туған күні |
Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value). |
---|---|
Туған жері |
Ивановка, |
Қайтыс болған күні |
Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value). |
Қайтыс болған жері | |
Ғылыми аясы |
иммунология, микробиология, геронтология, патология, эмбриология |
Жұмыс орны |
Новороссийск университеті, Пастер институты |
Альма-матер |
Харьков университеті |
Ғылыми жетекші |
Л. С. Ценковский |
Атақты шәкірттері |
Д. К. Заболотный, |
Несімен белгілі |
қабынудың салыстырмалы патологиясын, иммунитеттің фагоциттік теориясын жасаушы, ғылыми геронтологияның негізін қалаушы, эволюциялық эмбриология негізін қалаушылардың бірі |
Марапаттары |
|
Петербург ҰА-ның құрметті мүшесі (1902). Харьков университетін бітірген (1864). Мечниковтің ғылыми-зерттеу жұмыстары биология мен медицинаның түрлі салаларына арналған. 1866 – 86 жылдары салыстырмалы және эволюциялық эмбриология мәселелерін зерттеді (А.О. Ковалевскиймен бірге); көп клеткалы жануарлардың шығу тегі туралы жаңа теория ұсынды. 1882 жылы фагоцитоз құбылысын ашып, соның негізінде қабынудың салыстырмалы патологиясын анықтады (1892). Иммунитеттің фагоцитоздық теориясын ашқаны үшін (неміс ғалымы П.Эрлихпен бірге) Мечниковке Нобель сыйлығы берілді (1908). Мечников тырысқақтың, іш сүзегінің, туберкулездің, т.б. жұқпалы аурулардың эпидемиологиясын зерттеп, оларға қарсы күресетін түрлі тәсілдерін анықтаған. Мечниковтің мезгілінен бұрын қартаюға қарсы күресу жөніндегі ілімі ортобиоз теориясы деген атпен дүние жүзіне белгілі болды. [1]