Грейт-Смоки-Маунтинс (ұлттық саябақ)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Грейт-Смоки-Маунтинс ұлттық саябағы [1](ағылш. Great Smoky Mountains National Park, ХФӘ [gɹeɪt ˈsməʊki ˈmaʊn. tənz ˈnæʃənəl pɑɹk]) — Аппалачи тау жүйесініндегі Грейт-Смоки-Маунтинс (сөзбе-сөз қаз. Ұлы түтінді таулар деп аударуға болады.) үстіртінің негізгі аумағында орналасқан, биосфералық резерватының құрама бөлігі және ЮНЕСКО бүкіләлемдік мұра тізіміне енген табиғи нысан болып саналатын ұлттық саябақ. Саябақтың әкімшілік орналасуы — Солтүстік Каролина және Теннесси штаттары, үстірттің ортасынан өтетін шекарасы. АҚШ ұлттық саябақтар қызметінің федеральдық ақпаратына қарай, Грейт-Смоки-Маунтинс бұл елдiң аумағындағы келушілер саны бойынша саябақтардың ішінде алдыңғы қатарда.[2] Мысалы, 2007 жылы бұл саябаққа келушілер саны 9,4 миллионға жетті, бұл көрсеткіш Гранд-Каньон саябағына келушілер санынан екі есе көп болып келеді.[3] Қорық аумағында АҚШ-тағы ең танымалылардың бірі болып келетін Аппалач таулы жүйесі арқылы Мэн штатынан Жорджия штатына дейін өтетін әлемдегі ең ұзын үздiксiз жаяу жүргіншілерге арналған Аппалач соқпағы өтеді.
1934 жылы АҚШ Конгресінің қаулысымен саябақ құрылып, 1940 жылы саябақтың салтанатты ашылуын АҚШ президенті Франклин Делано Рузвельт жариялады.[4] Саябақ АҚШ-тың шығыс аймағындағы iрi қорғалатын табиғи аймақтарының бiрi болып табылады. Саябақтың жалпы аумағы, 2108 км² құрайды. Қорықтың ең басты кіре берісінде Гетлинбург және Чероки қалаларын жалғайтын U.S. Highway 441 (саябақтың маңында Newfound Gap Road деп аталады) магистралі өтеді.