Бүршік
From Wikipedia, the free encyclopedia
Бүршік (лат. gémma) — жоғары сатыдағы өсімдіктердегі өркеннің бастамасы.
Барлық гүлді өсімдіктерде өркеннің түріне қарай Бүршіктің
- вегетативтік және
- генеративтік түрлері бар.
Вегетативтік (өсімді) Бүршік тек ұзарған өркенде орналасады, одан сабақ пен жапырақ өсіп шығады.
Генеративтік (көбеймелік) Бүршік, (басқаша айтқанда гүл Бүршік), сәл ірілеу және тек қысқарған өркенде ғана орналасады, оны ұзынынан қақ жарып қарағанда бастама сабақтың жан-жағына бекіген гүлшанақтары (ашылмаған гүлдер) көрінеді. Олар гүлдеп, жеміс береді. Сондай-ақ бір ғана гүл өсіп шығатын гүл бүрі (бутон) болады.
Өсімдіктің бойында орналасуына қарай бүршіктер 2 топқа бөлінеді:
- төбе Бүршігі - сабақ ұшындағылары (одан өсімдік бойлай өседі). Төбе бүршік ұрықта қалыптасады,одан болашақта өркеннің барлық мүшелері түзіледі.Төбе бүршіктен өсімдік ұзарып өседі.
- бүйір Бүршігі - сабақ бойына орналасқандар аталады. Қолтық бүршік(жанама бүршік депте атайды) жапырақ қолтығында орналасады. Өсімдіктің түріне қарай бір жапырақтың қолтығында бір немесе бірнеше бүршіктер болады.Қолтық бүршіктен жан-жаққа бұтақтар өсіп таралады.
- Қосалқы бүршіктін ерекшелігі олар өсімдіктің кез келген жерінен тамырдан,тамырсабақтан,сабақтан,жапырақтан дамиды.Көп жылдық өсімдіктерде ұсақтау қолтық бүршіктер мен қосалқы бүршіктер ашылмай тыныштық күйге өтеді.Ол бұйыққан бүршік делінеді.Бұйыққан бүршіктер тіршілік қабілетін ұзақ уақыт сақтап,өте баяу өседі.Бұйыққан бүршіктер гүлшетен,үшқат,сары қараған,ырғай,тобылғы бұталарынын басқа көп жылтық шөптесін өсімдіктерде де болады.