Болат
From Wikipedia, the free encyclopedia
Болат — темірдің көміртекпен (2%-ке дейін) және басқа да элементтермен қорытпасы[1]; темір, көміртек және басқа элементтермен қосылып жасалған деформацияланатын қорытпасы.[2]
Болат - өндіру технологиясына байланысты құрамына көміртектен басқа марганец, кремний, күкірт, фосфор т.б. қосалқы элементтер кіреді. Мұндай болатты көміртекті болат деп атайды. Болат сапасын арттыру үшін, қорытпа құрамына хром, никель, молибден, ванадий вольфрам, марганец, кремний және т.б. элементтер қосылады. Мұндай қорытпа легирленген болат деп аталады. Болат – қара металлургия өндірісінің негізі - машина жасау өнеркәсібі мен құрылыста пайдаланылатын негізгі материал. Пайдалану саласына қарай, болатты төрт топқа бөлуге болады:
- Құрылыстық болат. Әдетте, прокат күйінде құрылыс конструкцияларының әртүрлі элементтері, вагон және кеме жасауда қолданады.[3]
- Машина жасау болатынан әр түрлі машина бөлшектері жасалады. Ол үшін термиялық өңдеу мен химиялық-термиялық өңдеуден өткізіледі.
- Аспаптық болат әр түрлі кесу, өлшеу, штамп аспаптарын жасауға пайдаланылады.[4]
- Айрықша-физикалық қасиеттері бар болат кәбінесе электр техникасы, химия, әскери техникаларын жасауда пайдаланылады.[5]