Бақалшақты шаянтәрізділер
From Wikipedia, the free encyclopedia
Бақалшақты шаянтәрізділер (лат. Ostracoda) – омыртқасыз жануарлардың буынаяқтылар типінің шаянтәрізділер класына жататын тармағы. Бақалшақты шаянтәрізділер тармағының 2000-дай түрлері кембрий кезеңінен белгілі. Қазақстанда 40 түрі анықталған. Бақалшақты шаянтәрізділер — теңіздерде, тұщы су планктонында, судың түбінде тіршілік ететін ұсақ жәндіктер (ең ірілері 30 мм-дей). Олардың қысқарған денесі сегменттелмеген, екі жақтаулы бақалшықтың ішінде жататын бас және көкірек бөлімдерінен тұрады. Маңдайында сыңар көзі бар. Жақсы дамыған мұртшалары жылжу қызметін атқарады. Көкірек аяқтары 1—3 жұптан тұрады. Дара жынысты, партеногенез арқылы көбейетін (еркексіз) түрлері де бар. Жұмыртқадан бақалшағы бар дернәсіл — науплиус шығады. Олар жақсы жүзеді және тіршілік ортасына қарай (су түбінде) өрмелеп те жүре алады. Дернәсілдері бірнеше рет түлеп, ересек шаянтәрізділерге айналады. Басқа шаянтәрізділерден өзгешелігі — ересек Бақалшақты шаянтәрізділер түлемейді. Жыртқыштармен, өсімдіктермен және су түбіне тұнған тірі организмдер өлексесімен (детрит) қоректенеді. Бақалшақты шаянтәрізділер кейбір балықтардың қорегі болып табылады.[1]
Бақалшақты шаянтәрізділер Қазбалық ауқымы: Ordovician to Recent, 450–0 Ma | ||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||
| ||||||||
Subclasses and Orders | ||||||||
Myodocopa Sars, 1866
Podocopa Sars, 1866
|