Бақалтақ қыран
From Wikipedia, the free encyclopedia
Бақалтақ қыран (лат. Aquila pennata) — сұңқартәрізділер отрядының қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс.
Амандық күйі | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Aquila pennata (Gmelin, 1788) | ||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||
|
Кейде бақалтақ қыранды “ергежейлі қыран” деп те атайды. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы тау ормандарын, Сырдария, Іле, Шелек, Шарын және Қаратал өзендерінің бойындағы тоғайларды мекендейді. Баянауыл, Қарқаралы таулары мен Алтайда да кездеседі. Бақалтақ қыран қауырсындарының түсіне қарай қара және ақ бауырлар деп бөлінеді. Тұмсығының түбі көгілдір, имектелген ұшы қап-қара болады. Биік ағаштың басына ұя жасап, оған 1—2 жұмыртқа салады; оны мекиені 35—39 күн басады. Балапаны жұмыртқаны жарып шыққаннан кейін 2 айдан соң ұядан ұшады. Бақалтақ қыран ұсақ тышқандармен, құстармен қоректенеді. Ол — жыл құсы. Қазақстанға сәуірде келіп, қарашада Африка мен Үндістан түбегіне ұшып кетеді. Өте сирек кездесетін құс болғандықтан, қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген (1996).[1][2]