Сырдария
Орталық Азиядағы өзен / From Wikipedia, the free encyclopedia
Сырдария — Орталық Азиядағы өзен. Ол кейде көне грек тіліндегі ὁ Ιαξάρτης деген аты бойынша Яксарт деп аталады. Өзеннің грекше аты көне парсы тіліндегі Yakhsha Arta («Үлкен маржан») деген сөз тіркесінен бастау алады, бұл өзеннің суының түсінен пайда болған. Ортағасырлық мұсылман жазбаларында өзен жұмақтағы төрт өзеннің бірінің атымен «Сейхун» (سيحون) деп аталған. Әмудария өзені болса «Жейхун» деп аталған, бұл жұмақтағы төрт өзеннің тағы бірінің аты. Қазақстанда жергілікті тұрғындар оны күнделікті тілде «Дария» деп атайды.
Сырдария | |
---|---|
Сырдария өзені, Тәжікстан | |
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 2212 (Нарын өзенін қосқанда 3019) км |
Су алабының ауданы |
219 000 км² |
Су шығыны | 703 м³/с |
Су ағысы | |
Бастауы | Нарын және Қарадария өзендерінің қосылуынан |
• Координаттары | 40°54′00″ с. е. 71°45′27″ ш. б.40.90000° с. е. 71.75750° ш. б. / 40.90000; 71.75750 (G) (O) (Я) (T) |
Сағасы | Арал теңізі |
• Координаттары | 46°09′15″ с. е. 60°52′25″ ш. б.46.15417° с. е. 60.87361° ш. б. / 46.15417; 60.87361 (G) (O) (Я) (T) |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан |
Ортаққордағы санаты: Сырдария |
Парсы тілінен келген Сырдария атауы ежелден бері қолданылып келеді. Батыс елдеріндегілер болса 20-шы ғасырға дейін бұл өзенді Яксарт атауымен атап келді. Ескендір Зұлқарнайынның жаулап алған жерлерінің солтүстік шекарасы Сырдария өзені арқылы өтті. Грек тарихшыларының айтуы бойынша, Ескендір б.з.д 329 жылы Александрия Эсхата («Ең алыстағы Александрия») деген қаланың негізін қалаған. Ол қала қазір Худжанд деп аталады.