Ақ саңырауқұлақ
From Wikipedia, the free encyclopedia
Үлгі:Mycomorphbox Ақ саңырауқұлақ (Boletus edulіs) – болетустар тұқымдасына жататын түр.[1] Қазақстанда жалпақ жапырақты, қылқан жапырақты және аралас ормандарда өседі. Қалпақшасының диаметрі 10 – 20 (кейде 50) см, үстіңгі бөлігі ашық қоңырдан қара қоңырға дейін өзгеріп отырады. Ал төменгі бөлігі алғашқы кезде ақ кейін жасыл сарғыш түске енеді. Аяқшасының ұзындығы 17 см-дей, қалыңдығы 4 – 6 см, ашық сары сұрғылт түсті, үстінде торлы өрнектері болады. Жемістік денесі ақ, тығыз, жағымды, саңырауқұлаққа тән исі болады. Салмағы 2 (сирек 4) кг. Ақ саңырауқұлақ маусымнан қазанға дейін өседі, 20-ға жуық формалары бар. Жеуге жарамды, өте бағалы саңырауқұлақ, себебі, құрамында белок өте көп. Ақ саңырауқұлақтың жемістік денесінен антиканцерогендік заттар табылған. Ақ саңырауқұлақтың түрлері:шырша ақ саңырауқұлағы , қарағай ақ саңырауқұлағы , қайың ақ саңырауқұлағы , емен ақ саңырауқұлағы , торлы ақ саңырауқұлақ , қара-қола түсті ақ саңырауқұлағы , жартылай ақ саңырауқұлақ.