Астана
Қазақстанның астанасы / From Wikipedia, the free encyclopedia
Астана — Қазақстан Республикасының астанасы. 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап астана статусына ие.
Елорда | ||||||
Астана | ||||||
Үстіден, солдан оңға: Астана қаласының орталығы, Есіл өзені, Бәйтерек, Назарбаев Университеті, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті | ||||||
| ||||||
Әкімшілігі | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Ел |
ҚазақстанҚазақстан | |||||
Статусы | ||||||
Ішкі бөлінісі | ||||||
Әкімі | ||||||
Тарихы мен географиясы | ||||||
Координаттары |
51°08′ с. е. 71°26′ ш. б.51.133° с. е. 71.433° ш. б. / 51.133; 71.433 (G) (O) (Я) | |||||
Құрылған уақыты |
1830 | |||||
Алғашқы дерек | ||||||
Бұрынғы атаулары |
Ақмолинск (1961 дейін), | |||||
Елорда статусы |
1997 | |||||
Жер аумағы |
797,33 км² | |||||
Климаты |
қатаң континенталды | |||||
Уақыт белдеуі | ||||||
Тұрғындары | ||||||
Тұрғыны |
▲ 1 354 435[3] адам (2023) | |||||
Тығыздығы |
1698,71 адам/км² | |||||
Агломерация |
1,4 миллион | |||||
Ұлттық құрамы |
қазақтар — 81,08 % | |||||
Конфессиялар |
мұсылмандар, христиандар және басқалары | |||||
Этнохороним |
астаналық, астаналықтар | |||||
Сандық идентификаторлары | ||||||
Телефон коды |
+7 7172 | |||||
Пошта индексі |
010000 | |||||
Автомобиль коды |
01 | |||||
Астана қаласының әкімдігі | ||||||
Ортаққордағы санаты: Астана |
Миллионер қаласы мәртебесіне 2017 жылдың маусымында қол жеткізілді, ол кезде тұрғындардың саны 1 002 874 адамға жетті. Астана елдің солтүстігінде Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Әкімшілік жағынан қала 5 ауданға бөлінген.
Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы ұсынысты Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде ауыстыру туралы шешім қабылдады. Орталық мемлекеттік органдардың Ақмолаға ресми көшуі 1997 жылғы 10 желтоқсанда басталды.
Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.
Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусым күні өтті.
Қала бес әкімшілік бірліктен — «Алматы», «Сарыарқа», «Есіл», «Байқоңыр»[1] және «Нұра» аудандарынан тұрады. Есіл және Нұра ауданы қаланың даму динамикасына қарай кейінгі жылдары құрылды.