АИВ
From Wikipedia, the free encyclopedia
Адамның иммунтапшылық вирусы — ретровирустар тұқымдасына жататын лентивирустардың адамға жұғып, АИВ инфекциясын тудыратын вирус түрі.[1][2]
Адамның иммунтапшылық вирусы | ||||||
Қолдан өсірілген лимфоциттен бөлініп алынған АИВ-1 (жасыл түсті) скандаушы электрон микросуреті. Вирондардың жасақталу және бүршіктену аймағы жасуша беткейіндегі бірнеше төмпешік түрінде көрінеді. | ||||||
Ғылыми топтастырылуы | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Патшалық | ||||||
Тип |
Artverviricota | |||||
Класс |
Revtraviricetes | |||||
Қатар |
Ortervirales | |||||
Тұқымдас | ||||||
Туыс | ||||||
Халықаралық ғылыми атауы | ||||||
Primate lentivirus group | ||||||
Түрлері | ||||||
| ||||||
| ||||||
Балтимур бойынша тобы | ||||||
VI: Аралық ДНК түрінде реплкацияланатын, біржіпшелі (+)РНҚ бар вирустар | ||||||
|
Вирус беткейінде CD4 рецепторлары болатын иммунды жүйе жасушаларын зақымдайды: Т-хелпер, моноциттер, макрофагтар, Лангерханс, дендрит және микроглия жасушалары. Осылайша иммунды жүйе қызметі әлсіреп, адамда жүре пайда болған иммунитет тапшылығы синдромы (ЖИТС) дамиды. Бұл кезде организм инфекция мен ісіктен қорғану қабілетінен айырылып, иммунитеті қалыпты жұмыс істейтін адамдарда бола бермейтін екіншілік оппортунис инфекцияларға шалдығады.[3][4][5] Ем жүргізілмесе, АИВ жұқтырған адам организмге түскен вирус түріне қарай шамамен 9 жылдан 11 жылға дейін өмір сүреді.[6] АИВ көбіне қан, былазық (преэякулят), шәует және қынып шырышы арқылы беріле алатын жыныс қатынасынан жұғатын ауру. Зерттеулерге сәйке АИВ–оң адамда ем нәтижесінде вирус титрі анықталмайтындай болса, мүшеқапсыз секс арқылы серіктесіне вирус жұқтырмайды (гомосексуал және гетеросексуал жұптарда бірдей).[7][8] Бұдан бөлек вирус анадан балаға жүктілік, босану және емізу кезінде жұға алады.[9][10][11][12] Аталған дене сұйықтарында вирус жеке вирион түрінде де, вирус жұққан иммунитет жасушаларында да кездесе алады.