Uber
From Wikipedia, the free encyclopedia
Uber Technologies Inc. (Убер) — Сан-Францискодағы халықаралық компания, белгілі бір орынға жету үшін такси немесе жеке жүргізушілерді іздеу, шақыру және төлеуді жүзеге асыратын өзі аттас құрған мобильдік қосымшаға негізделген[3]. 2016 жылғы тамыз айында қызмет қосымшасы, мәліметтер бойынша, әлем бойынша бес жүзден астам қалалада қол жетімді[4].
Түрі | |
---|---|
Құрылды |
2009 |
Құрушы |
Гаррет Кэмп (Garrett Camp), |
Орналасуы | |
Басты адамдары |
Трэвис Каланик (CEO), Ryan Graves |
Өнімі |
такси/жалдамалы көлік қүралдарын іздеуге арналған мобильдік қосымша |
Капитализация |
$62,5 млрд (2015)[1] |
Қызметкерлер саны |
6,7 мың[2] |
Сайты |
Uber қосымшасының көмегімен тапсырыс беруші жүргізушісімен бірге машинаны резервтейді және оның көрсетілген нүктеге келе жатқан[5] жолын бақылай алады, төлем банк картасының деректері арқылы немесе қолма-қол ақша арқылы жүргізіледі. Көп жағдайда жүргізушілер өз автомобильдерін, сондай-ақ таксопарк немесе серіктестердің машиналарын пайдаланады. Көптеген елдерде жүргізушіге төлемнің 80%-ы, Uber-ге 20%-ы аударылады.
Жаңа қосымша арқылы автокөлікке тапсырыс беру қолданушының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Осы арқылы автокөлікке тапсырыс расталған соң жүргізуші туралы барша қажетті ақпаратты, яғни оның есімі, суреті, ағымдағы рейтингі, нөмірі және машина маркасы туралы мәліметті алады. Сол сияқты, қолданушы жүргізушімен тікелей байланыса алады.