Mitsubishi A6M Zero
From Wikipedia, the free encyclopedia
Mitsubishi A6M Zero («A» — Жойғыш; «6» — Модель; «M» — Mitsubishi) — Екінші Дүниежүзілік Соғысындағы жапондық жеңіл жойғыш үшақ. 1940-1945 жылдар аралығында барлығы 10938 ұшақ құрастырылған. 1943 жылға дейін бұл жойқын ұшақтар тынық мұхитында жылдамдық, маневр және жойқын күш сияқты параметрлерінен өзіне тең қарсылас кездестірмеді. Тек американдық Grumman F6F Hellcat , Chance Vought F4U Corsair тәрізді жаңа ұшақтардың тынық мұхит ұрыс майданына келуі A6M-дың аспандағы үстемдігін тоқтатты. 1944 жылы A6M әбден тозуына қарамастан өндірісі тоқтатылмады. Соғыстың соңғы күндерінде камикадзе шабуылдарында қолданған.
Mitsubishi A6M Zero | |
Mitsubishi A6M3 Zero Model 22 (NX712Z), 1991 жылы Жаңа Гвинеядан табылды және Перл Харбор фильмінің түсіріліміне қолданылды | |
Түрі |
Жойғыш ұшақ |
---|---|
Өндірушісі | |
Мемлекеті | |
Алғашқы ұшуы |
1939 жылы 1 сәуір |
Қолданысқа енгізілуі |
1940 жылы шілде |
Негізгі эксплуатанттары |
Империялық жапондық әскери-теңіз күштерінің авиациясы |
Өндіріс жылдары |
1940-1945 |
Өндірілген бірліктері |
10 939 |
Нұсқалары |
Nakajima A6M2-N |
Mitsubishi A6M Zero Ортаққорда |
Тип 0 палубалы теңіз жойғышы (零式艦上戦闘機 rei-shiki-kanjō-sentōki?) атауын A6M жапон күнтізбесінің 2600 жылының (1940 ж.) соңғы санынан алынған. Жапониядағы бейресми атауы «Рэй-сэн» немесе «Зеро-сэн» («рэй» — «нөл», «сэн» «сэнтоки» сөзінен — «жойғыш»); АҚШ әскері мен оның жақтастары қойған аты — «Зик» (Zeke), ұшқыштар болса жай ғана «Зеро» (Zero) деп атаған.