II Елизабет
Британ империясының және Ұлыбританияның патшайымы (1952–2022) / From Wikipedia, the free encyclopedia
ІІ Елизабет (ағылш. Elizabeth ІІ), толық аты-жөні — Елизабет Александра Мария (ағылш. Elizabeth Alexandra Mary;[1] 21 сәуір 1926 жыл, Лондон – 8 қыркүйек 2022 жыл, Балморал қамалы, Шотландия)[2] — 1952 жыл мен 2022 жыл аралығында Ұлыбритания патшайымы, 70 жыл және 214 күн билік еткен II Елизабет ел тарихындағы ең ұзақ билік еткен монарх және әлем тарихындағы ең ұзақ билік құрған әйел монарх болды.
ІІ Елизабет ағылш. Elizabeth ІІ | ||||
Ресми портреті, 1959 | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
6 ақпан 1952 жыл — 8 қыркүйек 2022 жыл | ||||
Тәж кигізу жорасы | 2 маусым 1953 жыл | |||
Ізашары | VI Джордж | |||
Ізбасары | III Чарльз | |||
| ||||
6 ақпан 1952 жыл — 8 қыркүйек 2022 жыл | ||||
Ізашары | VI Джордж | |||
Ізбасары | III Чарльз | |||
Өмірбаяны | ||||
Діні | Англикандық | |||
Дүниеге келуі | 21 сәуір 1926 (1926-04-21) Лондон, Ұлыбритания | |||
Қайтыс болуы | 8 қыркүйек 2022 (2022-09-08) (96 жас) Балморал қамалы, Шотландия, Ұлыбритания | |||
Династия | Виндзорлар | |||
Туған кездегі есімі | Елизабет Александра Мария | |||
Әкесі | VI Джордж | |||
Анасы | Елизабет Боуз-Лайон | |||
Жұбайы | Филипп Маунтбаттен | |||
Балалары | III Чарльз, Анна, Эндрю, Эдуард | |||
Монограммасы | ||||
Марапаттары | ||||
ІІ Елизабет Ортаққорда | ||||
өңдеу |
Патшайым II Елизабет Виндзор әулетінен шыққан. Таққа 1952 жылдың 6 ақпанында, яғни 25 жасында, әкесі VI Джорджтың өлімінен кейін отырды. Таққа отырғанда II Елизабет 32 тәуелсіз мемлекеттің патшайымы болған және өмірінің соңына қарай бұл сан 11 ел болып азайды, Ұлттар достастығының төрайымы және Англия шіркеуінің басшысы, Ұлыбританияның қарулы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысының қызметін атқарды.
Елизабет ханшайымның басқару кезеңінде британия монархиясы үшін көптеген тарихи оқиғалар орын алды: Британ империясының ыдырап, Ұлттар достастығының құрылғандығын айқындайтын — деколонизация үрдісі аяқталды.