Өзбек тілі
түркі тілдерінің бірі, Өзбекстанның ресми тілі / From Wikipedia, the free encyclopedia
Өзбек тілі (өз атауы — Оʻzbek tili, Ўзбек тили немесе Оʻzbekcha, Ўзбекча) — өзбектердің ұлттық және Өзбекстанның мемлекеттік тілі, түрік тілінен кейін сөйлеушілер саны ең көп түркі тілі. Дүние жүзі бойынша сөйлеушілер саны 45 миллионнан көп (2022).
Өзбек тілі | |
Өз атауы: |
Оʻzbek tili, Oʻzbekcha, ئۇزبېك تیلى |
---|---|
Елдер: | |
Ресми күйі: |
Өзбекстан (мемлекеттік тіл) |
Реттейтін мекеме: |
Әлішер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университеті |
Сөйлеушілер саны: |
45 миллион (2021) |
Рейтинг: |
47 орын |
Классификация | |
Санаты: | |
Алтай тілдері (күмәнді)
| |
Жазуы: | |
Тіл коды | |
МЕСТ 7.75–97: |
узб 710 |
ISO 639-1: |
uz |
ISO 639-2: |
uzb |
ISO 639-3: |
uzb |
Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика |
Көне жазба әдеби тілі XIV-XVI ғасырда қалыптасқан. Қазіргі әдеби тілі Қазан төңкерісінен кейін Ташкент-Ферғана диалектісі негізінде дамыды.
Өзбек тілі басқа туыстас түркі тілдерінен сөз басында “й” дыбысын (йол – жол, йіп – жіп), сөздің ортасы мен соңында “ғ”, “г” дыбыстарын (тағ – тау, ағыз – ауыз) қолдану, сондай-ақ морфологиялық тұрғыдан көптік жалғауының тек “-лар” түрінде (сизлар, дафтарлар), ілік септігінің “-нинг”, табыс септігінің “-ни”, жатыс септігінің “-да”, шығыс септігінің “-дан” үлгілері негізінде бір ғана фонет. нұсқада қолданылуымен ерекшеленеді. А әрпі өзбек тілінде ә- дыбысын береді. Ал жалпы түркі тілдеріндегі а-ға өзбек тілінде о әріпі берілген. Дыбысталуы а мен о-ның арасындағы бір дыбыс. Өзбек тілінде ә әрпінің үңдестігі жақсы сақталған albatta - әлбәттә.
Өзбек тіліне үндестік заңы (сингармонизм, мысалы дауыстыларды жуан-жіңішке деп бөлу) тән емес, лексикалық жағынан араб, парсы тілдерінен ауысқан сөздер көп кездеседі, грамматикалық құрылымы тұрғысынан жалғамалы (агглютинативті) тілге жатады.[1]