Ұшқышсыз әуе соғыс аппараты
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ұшқышсыз әуе соғыс аппараты (ағылш. unmanned combat aerial vehicle, UCAV, кейде Жауынгер дрон, немесе Соғыс дроны, ағылш. combat drone) — ұшқышсыз ұшу аппаратының (UAV) бір түрі болып, ол әдетте ракета, ATGM және дәлдігі жоғары бомбалар секілді әуе қарулары мен құралдарын алып жүреді, әрі бақылау мен шарлаудан басқа дрон соққысын жасауға қолданады.[1][2] Әдетте бұл дрондарды адамдар нақты уақыт режимінде басқарып отырады, дегенмен аппараттың өзінде түрлі деңгейдегі автономиялылық (дербес қимыл) болады.[3]
Мұндай типтегі ұшақтарда адам ұшқыштар болмайды.[4] Оператор бұл құралдарды қашықтағы терминалдан басқарған кезде адами ұшқышқа қажет түспейді, нәтижесінде салмағы жеңіл, ұшқышты ұшаққа қарағанда кішірек өлшемде болады. Көптеген елдердің отандық басқарылатын UCAV аппараттары бар, көптеген мемлекеттер ең жаңа үлгідегі қарулы дрондарды импорттауға, немесе өз даму бағдарламалары бойынша жасап шығаруға талпынып жатыр.